ШҰҒЫЛ! АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫП КЕЛГЕН Толығырақ

ҚАЗАҚСТАНДА COVID-19-БЕН КҮРЕСУДЕ ОҢ ДИНАМИКА БАЙҚАЛУДА

15:50, 4 тамыз 2020

Елімізде коронавирустық инфекция тіркелген жағдайлардың тәуліктік өсім деңгейі 1,2 пайыздан аспайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты. Елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келе жатқанын көріп отырмыз. Қазіргі уақытта емделіп шыққан адамдар барлық ауру жұқтырғандардың 69,4 пайызын құрайды, қалған науқастар қажетті медициналық көмек алуда. Ауруханалардың жүктемесі 36 пайызға дейін төмендеді, деді үкімет басшысы.

Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, аптаның қорытындысы бойынша, инфекцияның репродуктивтік деңгейі 1 төмен келесі облыстарды атап өтуге болады. Бұл - Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалалары. Сонымен қатар, инфекцияның репродуктивтік деңгейі 1 жоғары келесі өңірлерде тіркелген. Бұл – Қостанай мен Ақмола облыстары. Бұл өңірлерде жағдай күрделі және осы өңірлер әкімдері эпидемияға қарсы шараларды күшейтуге аса назар аударулары қажет. Ауру жұқтырған азаматтарды емдеу және вирустың таралуын төмендету жөніндегі қарқынды жұмысты, оның ішінде санитариялық нормаларды, маска кию режимін сақтау туралы түсіндіру науқанын жалғастыру керек. Қазіргі таңда, әлемдік статистика 126 мемлекетте ауру жұқтырғандар санының жаңа өсімін көрсетіп отыр. Пандемияның жаңа толқыны күзде пайда болуы мүмкін және оған дайын болуымыз керек. Әрі оны алдын алу үшін барлық белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, жоспарланған шаралар кешенің іске асыру қажет,деді  ҚР Премьер-Министрі  Асқар Мамин.

 

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
20:23, 30 қазан 2020
БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...
20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...