ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

«ҚАЗАҚТАНУ» – ҰЛТ ЖОБАСЫ

14:07, 4 қыркүйек 2019

«Қазақтану» жобасы бойынша республикалық лекторий облыс орталығы Түркістаннан басталды. Бұл - Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттайды. Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-шы сессиясында жасалған бастамаға сәйкес жүзеге асып отыр.

 Қазақтану жобасы негізінде  түрлі этностық топтардың өкілдеріне қазақ халқының тарихы, дәстүрі, діні, тұрмыс салты таныстырылады. Мұндағы негізгі мақсат - жалпықазақстандық құндылық пен қазақстандық патриотизмді біріктіру мен қалыптастыру.

Саттар Мажитов - ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры

Қазақстанның арнайы 4 облысына биыл көңіл бөліп отырмыз. Ең алдымен Түркістан облысынан бастап жатырмыз. Бұдан кейін Павлодар, батыс Қазақстан және Қарағандыда өткіземіз. Ұлтаралық қатынастарға байланысты, келісім, бейбітшілік мәселелері. Оның төңірегінде «қазақтан» жобасын насихаттау жөніндегі мәселелерді көтермекпіз.

Біздің қоғамды жаңғыртуға ықпал ететін  ұлттық-мәдени  тамырларымыз жалпы тарихымыздың іргетасында болуы тиіс. Бұл ретте,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Жоба - қазақ мәдениетін, тарихын, философиясын, сондай-ақ қазақ халқының құндылықтарын насихаттауға бағытталған.

Жиында жалпы  бірлікті нығайтуға бағытталған бірқатар мәселелер айтылды. Енді жоба негізінде қазақстандықтар қазақтың тарихын тереңірек танып, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен танысатын болады.

М.ӘСЕМБЕК     

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар