ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ҚАЗАҚТЫҢ ХАНБИБІСІ 70-ЖАСҚА ТОЛДЫ

14:07, 16 қыркүйек 2019

«Мен екенмін өмірде арманы көп...». Осы тақырыпта ақын, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» сыйлығының иегері Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтті. Бұл шара қаламгердің 70-жылдық мерейтойына арналды.

  «Өлеңім –менің әлемім» - деп,  қаламын серік еткен,  қазақтың Хан апасы  70-жасқа толды. Осы  жасқа дейінгі бар еңбегін 10 томдық кітап етіп шығарып, халыққа есеп берді. «Бұл менің туған күнімді атап өту емес, халыққа есеп беру кешім.  Негізі  шараны  ертерек өткізу жоспарланған. Алайда Арыс жұрты қиындыққа ұшырап жатқанда тойлағаным дұрыс емес» - деп, кейінге шегергенін айтты.

 Ханбибі Есенқарақызы – халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері

  • Кездесуді Сайрам ауданы бастаймыз деген кезде Арыс оқиғасы болды. Арыстағы жарылысқа байланысты мен осы кездесулерді доғардым. Облысымыздағы бір аудан қасіретке ұшырып жатқан кезде мен 70-ке толдым деп кездесу өткізу менің санама сыймайтын нәрсе. Міне Арыстан жақсы жаңалық естіп отырмыз. Есеп беруді жалғастыруды бастадым.

Ханбибі Есенқарақызының қазақ поэзиясында алатын орны ерекше. Шынайы, мөлдір, рухты өлеңдері кез-келген жастағы жанның жүрегін баурап алары анық.  Кітапхана қоры яғни руханиятымыз көрнекті ақынның  бүкіл шығармасы жинақталған  10-томдық кітаппен толықты. Қаламгердің замандастары мен қаламдастары да құттықтап келді.

 Ақмарал Қамбарқызы - А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебеп ғылыми кітапханасы директорының орынбасары

  • Елімізге белгілі көрнекті ақын «Алаш» сыйлығының иегері Ханбибі Есенқарақызының 70-жылдық мерейтойы. Мерейтойға байланысты Түркістан облыстық мәдениет басқармасы мен Пушкин облыстық әмбебеп ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен портрет кеші болып жатыр. Кешке белгілі ақын-жазушылар келіп отыр.

Кеш барысында оқырмандар ақынның жырларын жатқа оқып, өлеңдеріне жазылған әндер де орындалды.  Ханбибі Есенқарақызы кешті ұйымдастырушылар мен оқырмандарына шексіз алғысын білдірді.

Әлішер Әлімжан                                               

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...