ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП – БАРШАҒА ОРТАҚ! Толығырақ

ҚАЗАН ҰРЛАП ҰСТАЛДЫ

15:44, 30 маусым 2020

Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Оның айтуынша, үйінің алдындағы бастырмасында тұрған 80 литрлік қара қазанын белгісіз біреу жымқырып кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 187-бабы «Ұсақ-түйек жымқыру» бойынша тіркелді.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 50000 теңгені құрады. Орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында аудандық полицейлер шұғыл әрекетке кірісті. Куәгерлерден жауап алып, қажетті шараларды іске асырды. Нәтижесінде полицейлер қылмыстың ізін суытпай 3 сағат ішінде күдіктіні анықтады. Ол көрші ауылдың тұрғыны болып шықты. Қазан күдіктінің гаражынан табылды. Тергеу барысында анықталғандай күдікті түнгі уақытта жәбірленушінің үйінің алдынан өтіп бара жатып, қоршалмаған ауласына кіріп, ешкімнің көріп тұрмағанын пайдаланып, сатып жіберемін деген оймен қазанды ұрлап кеткені белгілі болды. Айғақты зат алынып, заңды иесіне қайтарылды.
Г. Қалмырзақызы 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТКЕ  ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
16:53, 16 шілде 2020
ШЫМКЕНТКЕ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
22 ТҮРЛІ 128 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАҒА ТҮСЕДІ
12:32, 16 шілде 2020
22 ТҮРЛІ 128 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАҒА ТҮСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
17:05, 10 шілде 2020
БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
Толығырақ...
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН  ЕСКЕ АЛДЫ
19:19, 13 шілде 2020
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛД...
Толығырақ...