ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ Толығырақ

«ҚАЗПОШТА» ҚЫЗМЕТ АЯСЫН КЕҢЕЙТУДЕ

11:47, 12 маусым 2019

Республикадағы сауда айналымының 10 пайызы қазір электронды жүйеде жүзеге асуда. Бұл өз кезегінде «Цифрландыру» ісіне оңтайлы болып отыр. Елдегі маңызды реформаны орындауда «Қазпошта» АҚ-ның үлесі зор. Қазір ұлттық оператордың көмегімен электронды түрде сәлемдемелер жолдап, сауда-саттықты ұйымдастыруға мүмкіндік орасан.

«Қазпошта» қызметі тек қана хат тасумен шектелмейді. Қазір түрлі қаржылық төлемдер қабылдауды сәтті жүзеге асырып отырған компания түрлі жаңалықтарымен қуантып отыр. Соның бірі – «Сәлемдемелер»

 Бақытжан Ысқақ – «Қазпошта» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры

Бұл орыннан азаматтар алыстан келген сәлемдемесін электронды түрде арнайы жәшіктерден өздері алу құқығына ие. Ұялы телефонға келген хабарламадан соң, филиал бөлімшесіндегі аппаратқа жасырын кодты терсеңіз болғаны, тауарыңыздың қай жәшікте орналасқанын көрсетеді. Мұндай жүйе әсіресе, электронды интернет арқылы сауда жасайтын азаматтарға қолайлы.

Бақытжан Ысқақ – «Қазпошта» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры

Одан бөлек, қазір «Қазпоштаның» орталық филиалдарында постамат аппараттары жүйелі жұмыс істейді. Ол арқылы өзге қалаға жөнелтетін сәлемдемеңізді оператордың көмегінсіз, электронды түрде әуе және жер қатынасы арқылы жібере аласыз. Бұл операция көмегімен  тұрғындар айына 300-ге тарта сәлемдемені қабылдай алады.

П.Биназарқызы                 

Тақырып бойынша материалдар

СЫБАЙЛАСТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ
16:28, 23 тамыз 2019
СЫБАЙЛАСТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар