ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

«ҚАЗПОШТА» ҚЫЗМЕТІН РОБОТТАР АТҚАРУДА

12:43, 11 қаңтар 2019

«Цифрлық Қазақстан» жобасы бірінші кезекте қарапайым халық үшін тиімді. Түрлі бағытта жұмыс істейтін «Қазпошта» мекемесінің 400-ден астам бөлімшесі бар. Цифрландыру саясаты негізінде де бірқатар ауқымды істерді атқарып келеді. Сәлемдемелерді қабылдап, діттеген жерге жөнелтуді жаңа жүйемен жүзеге асыруда. Бұдан бөлек, цифрлық кеңседе қызметті роботтар атқарады. Мекеме биыл тағы қандай тың жаңалықтарымен бөліспек?

Бүгінде еліміздегі сауда айналымы біртіндеп электронды жүйеге көшкен. Бұл өз кезегінде «Цифрландыру» ісіне оңтайлы.Қызметті қарқынды орындауда «Қазпошта» АҚ-ның үлесі зор.Оператордың көмегімен электронды түрде сәлемдемелер жолдап, сауда желісін жеделдетуге тиімді. Сабрина Қазпоштаның өзге қызметтерден артықшылықтарын айтып, жеке кәсіпкер ретінде оң бағасын берді. – «Бұрын Қазақстан аумағына тапсырыс берген заттарды  уақытымен жеткізе алмайтынмын. Енді,Қазпошта арқылы кезек күттірмей,  жылдам әрі тез жеткіземін»,-дейді.

Сабрина Байша – тұтынушы

 «Қазпошта» акционерлік қоғамы бастаған «Франчайзинг» шарасы... қазір облыстың 9 нүктесінде іске асуда. Бұл... шағын және орта бизнесті... жүйелі жүргізуге ықпал етеді. Тұрғындар еліміздің өзге аймақтары мен сырт мемлекеттерге  сәлемдеме жолдап, қаржылық аударымдарын жасай алады. Зейнетақы мен жәрдемақысын алу үшін сағаттап кезекте тұрмайды.  Тіпті, коммуналдық төлемдер мен ұшақ, теміржол билеттеріне тапсырыс бере алады. Цифрлық кеңседе орналасқан гибридті банкомат арқылы 2-3 минут ішінде жеке карта аштырып, кезкелген ортада қолдануға мүмкіндік бар. Мұндағы Арман, Сәуле есімді роботтар сізді мазалаған сұрақтарға жауап беріп,жөн сілтейді.

Серік Ауғанбаев –  «Қазпошта» АҚ Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары

Одан бөлек, қазір «Қазпоштаның» орталық филиалдарында постамат аппараттары жүйелі жұмыс істейді. Ол арқылы өзге қалаға жөнелтетін сәлемдемеңізді оператордың көмегінсіз, электронды түрде әуе және жер қатынасы арқылы жібере аласыз. Бұл операция көмегімен біздің облыс тұрғындары айына 300-ге тарта сәлемдемені қабылдай алады. Ал, Қазпошта бөлімшесі алдағы уақытта Түркістан қаласынан бой көтереді.

Мадина Әсембек

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХЫ - БАР ҚАЗАҚТЫҢ ТАРИХЫ
19:22, 23 наурыз 2019
ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХЫ - БАР ҚАЗАҚТЫҢ ТАРИХЫ
Толығырақ...
«ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ  МАҢЫЗДЫ МІНДЕТІ»
19:21, 23 наурыз 2019
«ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТІ»...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
12:21, 20 наурыз 2019
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
Толығырақ...
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
21:34, 19 наурыз 2019
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...