ШҰҒЫЛ! САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАДЫ Толығырақ

ҚАЗЫҒҰРТТА 200 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП БОЙ ТІКТЕДІ

15:19, 6 наурыз 2020

Қазығұрт ауданы Қазығұрт елдімекенінде мектеп тапшылығы түбегейлі шешілгелі тұр. Биыл ауыл орталығынан 200 орындық жаңа білім ұясын пайдалануға беру жоспарланған.

Бұл мектептітің ірге тасы былтыр маусым айында қаланған. Аяқталу мерзімі осы жылдың тамыз айы. Алайда мердігерлер тиісті қаржы бөлініп тұрса мамыр айына  дейін мектептің кілтін табыстаймыз,деп отыр.

Асқар Бұқарбаев –  учаске басшысы

Былтырғы бөлінген ақша үш айға жеткен үш ай ішінде 200 млн теңгені игердік. Биыл 103 млн қаралған бірақ әлдеде 300 млн бөліну керек. Алайда жұмысты тоқтатып жатқан жоқпыз. Қазір ішікі әрлеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Білім ұясының құрылысына 665 млн теңге қаралған. Жер көлемі 2 гектар. Қос қабатты нысанның жанынан спорт зал, асқана түседі.  2019-шы жылы ауданда жалпы 6 мектептің құрылысы  басталған. Биыл соның  үшеуін  ел игілігіне тапсыру көзделген.

Асылбек Аймұрзаев – Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы

Атап айтатын болсам жаңабазар ауылдық округіндегі Кенен Әзірбаев атындағы жалпы орта мектебі. Қызылқиядағы Айнатас елдімекенінде 130 орындық мектептің құрылысы басталады.

Мектептің конкурстық құнына  абаттандыру жұмыстары да кіреді. Жасыл желек, демалыс орындықтарда бар. Сонымен қатар асфальт жол төселіп, жаяу жүргінші жолдары болады. Бұл жерде балалар бір ауысымда білім алады.

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
19:53, 1 маусым 2020
МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН  69 АДАМ   ТІРКЕЛДІ
14:09, 26 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 69 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...