ШҰҒЫЛ! САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАДЫ Толығырақ

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚТАР ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

14:01, 6 қыркүйек 2019

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы алғашқы Жолдауын Қазығұрттықтар талқыға салып, қолдау білдірді. Алмасбек Мамытбеков бастаған Облыстық ақпараттық - насихаттық топ аудан жұртшылығымен кесдестіп, жолдауда айтылған басым бағыттарға мән берді.

Жиында ақпараттық топтың лекторы Айтай Бахадыр  жолдауда айтылған негізгі мәселелерге тоқталды. Ондағы басым бағыттың бірі  «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бөлімі. Білім беру сапасын арттыру және еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеу. Мамандарды даярлаудың отандық жүйесін жетілдіру мен оқушылардың қабілеттерін анықтауға негізделген кәсіптік бағдар беру сияқты басымдықтарға ерекше көңіл бөлінді дейді лектор.

Айтай Бахадыр - топ лекторы

      Түс ауа аудандық саз мектебінде ұстаздармен кездесу ұйымдастырылды. Қатысушылар ел тұрғындарының өмірі мен тұрмысын жақсартуда, экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыруда осы жолдауда қойылған міндеттердің маңызы өте зор дейді.  

 Бейбіт Тоқмырза - Саз мектебінің мұғалімі

Жиынға қатысқан аудан тұрғындары  әлеуметтік көмек көрсету жүйесін дамытуға көңіл бөлгені де қуантарлық жағдай деп біледі. Мемлекет басшысының елге айтқан жолдауында халықтың көкейінде жүрген көптеген мәселелер айтылды. Президентіміздің жолдауын қолдап, жүргізіп отырған саясатына  сенім артамыз,- деп тарқасты.

Н. Мұхамеджанұлы                                                                                 

Тақырып бойынша материалдар

МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
19:53, 1 маусым 2020
МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН  69 АДАМ   ТІРКЕЛДІ
14:09, 26 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 69 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...