ШҰҒЫЛ! ОНКОЛОГТАР ПЫШАҚСЫЗ ОТА ЖАСАУДА Толығырақ

ҚАЗЫНАҒА ҚОЛ САЛҒАНДАРҒА ЖАЗА ҚАТАҢДАДЫ

19:31, 13 қаңтар 2021

Жемқорлық –қоғамның өзегін жегіқұрттай жейтін індет. Мемлекеттің қаржысын талан-таражға салудың кеселі әлемді әбігерге түсірген тәжвирусынан кем түспейді. Елімізде жемқорлықпен күрес соңғы кездері күшейіп келеді. Заңнамаға өзгерістер енді. Бұдан былай пара алушымен бірге параны берушілер де қатаң жазаланады. Жаңа енгізілімді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы Асхат Жұмағали баяндады.

Ресми дерекке сенсек, жемқорлық пен парақорлық деректері соңғы кездері едәуір азайған. Есесіне соңғы 3 жылда  жемқорлар мен парақорлардың мемлекетке әкелген шығыны күрт өсіп кетті. Енді  әр мемлекеттік қызметші ала жіпті аттамас бұрын, жүз рет ойланып, толғанатын болады.

Асхат Жұмағали - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы

Ымырасыз күрес пен жазаны күшейту туралы тынбай айтып жатсақ та, сұғанақ қол шенеуніктер айылын жыймады. Оның себебі парақорлардың жеңіл жазамен құтылып кетуінде еді. Парадокс! Бұдан былай  қазынаға қол салғандардың жазасы қатаң. Тіпті, әлеуметтік осал санаттарға да жауапкершілік күшейді. Жиында сондай-ақ, адвокаттар кеңсесі мен  кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңестерінің өкілдері де сөз алды. Талғат Есімов – «Адал» адвокаттар кеңсесінің басшысы

Енді мемлекеттік қызметшілерді лауазымға тағайындау кезінде шетелдік шоттарына тыйым салынады.  Сондай-ақ, құқық қорғау органы қызметкері мен судьялардың жазасы да қатаңдатылды. 50 АЕК-тен кем пара алғандар бұрынғыдай орташа емес, ауыс сыбайлас жемқорлық қылмыс болып саналады.

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 12 АЙ ІШІНДЕ 654,2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
18:38, 20 қаңтар 2021
ШЫМКЕНТТЕ 12 АЙ ІШІНДЕ 654,2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
Толығырақ...
ҚАЗЫБЕК БАЗАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ТЕГІН САУДА ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ
18:35, 20 қаңтар 2021
ҚАЗЫБЕК БАЗАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ТЕГІН САУДА ОРЫНДАРЫМЕН ҚАМТЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар