ШҰҒЫЛ! ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР СПОРТ ДОДАСЫНДА

12:29, 1 қазан 2019

Қазыналы қарттар спорт додасында. Халықаралық қарттар күніне орай, ардагерлер арасында спорттың бірнеше түрінен жарыс болып өтті. Бірі Қазығұрт ауданында тастаяқтан үздіктерінен анықтаса, бірі Шымшахарда орналасқан «Арғымақ» шахмат клубында шахматтан сайысқа түсті.

Қарттар күні қарсаңында шымкенттің егде тұрғындары Орталық саябақта шахматтан жарысқа түсті. «Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласы филиалының» ұйымдастыруымен өткен спорттық шараға 70-тен астам ардагер қатысты. «Қарты бар елдің – қазынасы бар» демекші, осы мереке қарсаңында қарияларымызға қандай құрмет жасасақ та артықтық етпейді дейді мерекені ұйымдастырушылар. 

Бахадыр Нарымбетов – «Nur Оtаn» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары 

Шахматтан өткен қалалық сайысқа жиналған ардагерлер шахмат ойынынының қас мамандары болмаса да осы ойынның тәжірибелі ойыншылары.Олар швейцариялық жүйемен ойнап,  «Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласы филиалының» тағайындаған қаржылай сыйлықтарымен бағалы сыйлықтарын жеңіп алды. Сондай-ақ, мереке қарсаңында Қазығұрт аудандық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Жеңіс спорт кешенінді өткізілген іс шараға ауданның зиялы қауымдары қатысып мерекелерімен құттықтады. Кейінгі буын да өз кезегінде алдыңғы толқын ағалардың салған сара жолын лайықты жалғастырып келеді дейді Аймен Өсербаев.

Аймен Өсербаев- Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеументтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Жеңіс спорт кешенінде аудандағы 13 ауылдық округіне қарасты елді мекендерінен жиналған еңбек ардагерлеріне шахмат, дойбы,  және   бильярд орталығында сайыс  ұйымдастырылды. Шараның ашылуына аудандық Спорт бөлімінің басшысы Құралбек Бұқаров қатысып, ардагерлерді мерекемен құттықтады.

Құралбек Бұқаров –Қазығұрт аудандық спорт бөлімінің басшысыСонымен қатар Психалогиялық – педагогикалық түзету кабиентінің балалары да спорттық іс шараға қатысты. Олар шар жинау, эстафеталық ойындар, Кенгуру, Кім жылдам?  Ойындарынан сайысқа түсті. Жеңімпаздарға сый- құрмет көрсетілді.

Нұрсұлтан   Әбдірашит         

Тақырып бойынша материалдар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
19:44, 22 қараша 2019
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар