ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

«КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК»

17:52, 7 тамыз 2019

Отырар ауданында ерекше оқытуды қажет ететін бүлдіршіндер үшін «Кедергісіз келешек» жобасы аясында оңтайлы жағдай жасалған. Бұл тұста «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» мекемесінің жұмысын атап өту маңызды. Қазір орталық жанынан «Күндізгі қатынау бөлмесі» ашылған. Бұл орын тумысынан жүріп-тұру мүмкіндігінен айырылған балалар үшін тиімді болып отыр. Балғындардың ата-аналарымен тілшіміз Перизат Биназарқызы тілдесіп қайтты.

Орталықтың ашылғанына - 5 жыл. Бұған дейін тиісті мамандар дертке шалдыққан балғындардың үйлеріне барып, қызмет көрсететін еді. Соңғы 1 жыл көлемінде арнайы орын дайындап, «күндіз қабылдауға» көшті. Ондағы мақсат – балаларды көпшілік ортаға үйрету.

СӘКЕН КІШІБАЕВ – ОТЫРАР АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ «ҮЙДЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ» МКҚМ ДИРЕКТОРЫ

Мекеменің негізгі міндеті – үйде отырған балалрды алып келіп, бір-бірімен таныстыру. Мұнда барлық жағдай жасалған. Керек ойыншықтардың барлығы бар. Арнайы әдіскеріміз бар. Психолог, невропатолог бар.

Кенжегүл Қалдыбаева осы орталыққа Арсен атты  7 жасар немересін  әкелген. Тумысынан сал ауруына шалдыққан бүлдіршіннің қазір өздігінен ойын жеткізіп, түстерді ажырату қабілеті артқан. Мекемеде Арсен сынды 22 бүлдіршін бар. Олар мұнда екі ауысыммен келеді.

КЕНЖЕГҮЛ ҚАЛДЫБАЕВА – ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

 Үйде қамалып отырғаннан осы жерге келіп жазу-сызуды үйренгені жақсы ғой. Мен өзі немерем айтып отыратын болды. Массаж істеді, жаттығу жасады деп. Былай істеді деп көрсетеді. Оң нәтиже барына қуанамыз бәрінен де.

Мекемеде мамандар да жеткілікті. Арнайы психолог, массажист және әдіскер мен логопед жұмыс істейді. Айтып өтейік, аудан аумағында 89 бала арнайы күтімге алынған. Оның 62-сінің тірек қимылы бұзылған. Тағы 17-сі психоневрологиялық ауруға шалдыққан. Осыны ескерген жергілікті билік аудан орталығындағы нысанның ауыл-аймақтарда арнайы кабинеттерін ашуды жоспарлап отыр.

 

П.Биназарқызы  

Тақырып бойынша материалдар

СӘБИЛЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН КӘСІПОРЫН
18:16, 20 қыркүйек 2019
СӘБИЛЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН КӘСІПОРЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ
14:14, 17 қыркүйек 2019
ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Толығырақ...