ШҰҒЫЛ! МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 4 ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ. Толығырақ

КЕЛЕСТЕ КЕЛІСТІ ІСТЕР ЖЕТЕРЛІК

12:14, 16 шілде 2019

Еліміздегі диқаншылықпен аты шыққан аймақтардың бірі – Келес өңірі. Аудан өз алдына бөлініп шыққалы бері бұл кәсіп қайта жандана түскен. Өйткені, диқан үшін ең қажетті нәрсе, су мәселесі оң шешімін тапқан. Сонымен қатар, ұзақ жылдардан бері қараусыз қалған қашыртқы каналдар да тазаланып, ел қуанышы еселенуде.

Ауданның  қайтадан дербес атануы, көптеген мүмкіндіктерге жол ашуда. Өйткені,  елдімекендер мен егіс алқаптарына  қажетті су молынан келіп,  халық бір жадырап қалды.   Соның  арқасында  көптеген  диқандар   қазірдің өзінде бір алқаптан екінші өнімдерін    алуға әзір.

Рахманқұл Қалықұлов -  зейнеткер

Бұл үлкен істің бастамасы. Елге деген үлкен көмек.   Жайқалып тұрған мына өнімдердің бәрі  осы судың арқасында. Халық дән риза...

Сондай –ақ, аудан аумағында қазір  ұзақ жылдардан бері қараусыз қалған каналдар мен су қашыртқылары да толықтай тазалануда.   Соның арқасында қазір шіліңгір шілденің  қақ ортасы болса да судан тапшылық жоқ.      Мұның бәрі аудан басшылығы мен осы сала азаматтарының ерен еңбегінің нәтижесі»,-   дейді  тұрғындар.

Тахир Бекенов -   зейнеткер

Бір кездері жайнап тұрған жер еді... Абыр – сабыр заманда бәрі иесіз қалып, жер тозды. Енді міне,  заман оңалып, орнына келді. Қашырқылар толып қалған. Олар тазаланса  өнім де тол болады, халық риза. Рахмет бәріне.

 Жалпы, бүгінгі таңда аудан бойынша 145 канал мен 147 қашырқы бар.  Олардың бәрін  де кезең кезеңімен  тазарту жоспарланған.   Дәл қазір  Ұшқын  ауыл округіне қарасты 77 шақырымдық қашырқы механикаландырылған әдіспен тазалануда.  

Әбубәкір Сапаров  «Келес ауданының су шаруашылығы» МКК директоры

Жер асты суының көтерілуінен жер тұзданып кеткен  қашыртқылар тазаланса ол болмайды. Қазір «Гидроқұрылыс» мекемесі жұмыс атқарып жатыр. «Ұшқын» ауылындағы бұл жұмысқа 4 эксковатор мен 4 бульдозер тартылған.Жұмыс жоспарға сай жүргізілуде...

Сондай –ақ, бүгінге дейін 14 шақырымды құрайтын Араншы- 2 каналы да толық тазартудан өтіп, оның да суы ең соңы елдімекендерге дейін молынан жетуде. Ал  алқаптардағы мына жайқалып тұрған бау – бақшалар – соны нәтижесі болса керек. 

М. Атабек                                              

Тақырып бойынша материалдар

ҚАНАТ ИСЛАМ МЕН ӘЛІМХАНҰЛЫ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ҮЗДІК БЕСТІККЕ ЕНДІ
18:10, 21 қаңтар 2020
ҚАНАТ ИСЛАМ МЕН ӘЛІМХАНҰЛЫ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ҮЗДІК БЕСТІККЕ...
Толығырақ...
МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 4 ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ.
18:08, 21 қаңтар 2020
МАС ХАЛДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 4 ЖҮРГІЗУШІНІ ҰСТАДЫ.
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
19:45, 17 қаңтар 2020
ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
Толығырақ...
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
14:12, 17 қаңтар 2020
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРҒА ҚАТАЛ ТАЛАП ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...