ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ Толығырақ

КЕЛЕСТІКТЕР КЕЛІСІП ІС АТҚАРУДА

12:27, 18 шілде 2019

Келестің дербес аудан атанғанына бар – жоғы бір-ақ жыл. Осы уақытта мұнда көптеген жарқын істер бастау алуда. Елдімекендерде электр желілері жаңартылды.Ауыл – аймақтар абаттандырылуда. Көшелерді көркейту жұмыстары да қарқын алған.

Көріктендіру- көркейту жұмыстары аудандағы ең үлкен білім ұяларының бірі  - Омар Есімов атындағы  мектептің маңайында да көрініс тапқан.  Бұл нысан осыдан 40 жыл бұрын  көтерген. Алайда, оның қоршауы әбден ескірген еді. Қазір,  ескі шарбақтар  түгелімен алынып,  жаңадан қоршалып жатыр.

Нұрия Қасымбекова - №1 Омар Есімов атындағы жалпы орта мектебінің директоры

Мектеп оқушылары каникулдан келген сайын мектептен бір жаңалық күтетіні бар.. Міне, біз биылғы жаңа оқу жылын біз бір жаңалықпен бастағалы отырмыз... Сонымен қатар, мектептің стадионы да қоршалатын болды...

Мұнда   электр жүйелері жаңартылып, аяқжолдар салынуда. Тұрғындар көшелерге  суағар арықтардың  қойылып жатқанына қуанышты. «Өйткені,  жауынды- шашынды күндері көшеден аққан су үйге кіріп кететін. Енді ондай қауіп жоқ»,- дейді  олар.

 Қалдыкүл  Абадашова  - зейнеткер

Бәрімізге осы проблема мұң болып еді. Қар, жаңбыр жауса көшеміз көл боп үйге кіріп кететін. Қанша айттық енді міне, лотоктар қойылып жатыр.. енді бұған өзіміз де  қоқыс тастамай, жауапты  болуымыз керек...

Жаңа ауданның  орталығында 109 көше бар. Олардың жалпы  ұзындығы – 73 шақырымды құрайды.  Алдағы уақытта       «Ауыл бесігі» бағдарламасы аясында орталықтағы 23 көшеге асфальт салынбақ.

Ерғали Әбдірахманов -  Абай ауыл округінің  әкімі

Бір ерекшелігі - аймақтағы барлық әлеуметтік мәселелер    ақсақалдар алқасы мен ауыл билерінің және көше  тұрғындарының    келісуімен жүзеге асуда. Осылайша, келестіктер: «келісіп пішкен тон келте болмас» дегенді алға тартып, нағыз келелі істерге ұмтылып жатыр.     

М. Атабек                                              

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
20:30, 13 желтоқсан 2019
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Толығырақ...
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ –  ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
20:26, 13 желтоқсан 2019
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
18:37, 10 желтоқсан 2019
ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
16:33, 13 желтоқсан 2019
ЖАҢА КОЛЛЕДЖ ҒИМАРАТЫ БОЙ КӨТЕРДІ
Толығырақ...