ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ШАРА ҚАРҚЫН АЛДЫ

13:44, 16 мамыр 2019

Қазығұрт ауданында қырым қанды безгеніне қарсы шаралар қарқын алды. «Ауыл» мемлекеттік комуналдық кәсіпорын мекемесінің ұжымында көктем шыққалы тыным жоқ. Олар 3 млн. шаршы метр үй іргелік жерлер мен қора қопсыны қырым-қанды қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Жауаптылар ауа райының жауын-шашынды болуы бұл шараның мерзімінде басталуына қолбайлау болды,- дейді.

Таңсәріден ауыл малын жинап, қолда бар төрт түлікті толық залалсыздандырып шығу үшін бір апта  уақыт қажет. Бір күннің өзінде 96 361 ірі қараға қырым-қанды қызбасына қарсы дәрі бүркілген. Тағы 329 мың 360  ұсақ мал бар. Бірақ оларды тоғыту үшін алдымен, малдың жүнін қырқу керек. «Сонда ғана кенеге қарсы күрес әсерлі болады», - дейді мекеме басшысы.

Ермат Сванов - «Ауыл» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын мекемесінің басшысы

  Дәрі-дәрмектің мөлшері жеткілікті. Нәтижесінде қора-қопсы залалсыздандыру жұмысы ойдағыдай өтті. Оған 3 ДУК автокөлігі, 50 аппаратты тракторлар мен 90 жұмысшы жұмылдырылған. Шарапхана мен Шанақ ауылдық округтерінде мал тоғытатын орындар ағымдағы жөндеуден өткізілді. Елдімекендерінде төрт түлікті шомылдыру жұмыстары қолға алынуда. Ал, ауыл тұрғындары ұлт денсаулығы үшін атқарылып жатқан жұмыстарға дән разы.

 Сайлау Салықбаев – Қазығұрт ауданының тұрғыны

Қырым-қанды қызбасы аса қауіпті жұқпалы дерт. Сондықтан, мамандар тұрғындарды мейлінше сақ болуға шақырады. Ал малы бар шаруалар төрт түлігін дер кезінде залалсыздандыруға қамдануы тиіс. Ол - тегін жүргізіледі.

Г. Қалмырзақызы                         

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУАЛДЫ ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
17:52, 21 мамыр 2019
САЙЛАУАЛДЫ ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕР БАНКЕТТЕН БАС ТАРТУДА
13:44, 16 мамыр 2019
ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕР БАНКЕТТЕН БАС ТАРТУДА
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МИЛЛИОНДАП БОНУС АЛУДА
11:40, 17 мамыр 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МИЛЛИОНДАП БОНУС АЛУДА
Толығырақ...