ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ? Толығырақ

КЕПТІРІЛГЕН ЖЕМІС ӨНДІРУДІ ҚОЛҒА АЛДЫ

12:59, 10 шілде 2019

Бүгінде нарықта бақша өнімдерінің басым бөлігі шет елдерден жеткізіледі.Ал, өрік,мейіз секілді кептірілген жемістің көбі Тәжікстан,Өзбекстан елдерінен келеді.Шымкенттік ғалымдар құрғақ жемісті өзімізде өндіруге болатынан айтады. Осы бағыт бойынша ізденген ғалымдар тың тәсілді қолға алды.

Бүгінде әлем елдерінде құрғақ жеміс өнімдері маңызды саналады.Өйткені оның тағамдық құндылығы жоғары.Осы орайда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдары иновациялық технологияны ойлап тапты.Ғылыми зерттеу орталығы табиғи таза өнім өндірудің тәсілдерін қолға алды. .

Нұрлан Қалмырзаев- зертхана меңгерушісі

Зертханадағы жұмысымыз көкөністерді кептіру және одан таза табиғи өнім алу. Бұл жерде  зертхананың ішінде өте көп құралдарымыз бар.Бәрі өнімді өңдеуге арналған құрылғылар ғой.Ешқандай қоспасыз табиғи өнім өндіріледі.

Елімізге өрік,мейіз секілді жеміс қақтарының 95 пайызы шет елдерден тасымалданады.Ішкі нарықты жаулап алған.Ғалымдар болса оның экологиялық тазалығына күман келтіріп отыр.Өзімізде өндірмей болмайтынын айтады.

Мұсатіллә Тоқанов- ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

Тек қана химиялық жолдармен жасалады екен.Өріктердің бәрі бірдей піспейді.Біреуі көктеу біреуі сары болады.Соның бәрін күкіртпен 5-6 сағат өңдейді екен.Сол кезде сап-сары болып шығатын көрінеді.Ол деген адамға өте зиян.Біз тек экологиялық таза жолмен өңдеу технологиясын жасадық.

Оңтүстік   ауа райы жағынан жеміс-жидек өсіруге  өте қолайлы өңір.Мұнда жемістің қанттылығы жоғары.Әзірге  еліміздің өндіріс орындары тек шырын шығарумен ғана шектелуде.Университет ғалымдары Түркістан облысын экологиялық таза кептірілген жеміс өндіретін орталыққа айналдыру қажет деп санайды.Осы бағытта иновациялық технологияны жетілдіре түсуде.

С.Құттыбайұлы                                             

Тақырып бойынша материалдар

 ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
16:44, 9 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
Толығырақ...
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
16:41, 9 шілде 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
16:16, 3 шілде 2020
ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18:07, 3 шілде 2020
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...