ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

КЕСЕНЕ МАҢЫН КӨРКЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

20:16, 30 шілде 2020

Алдағы бір екі жылда Түркістан адам танымастай болып өзгереді. Әсіресе Ясауи кесенесінің маңы ерекше болмақ.Тарихы тереңде жатқан орталық бағзы замандағыдай кейіпке енеді. Айналасы гүлденіп, көне жәдігерлер реттеледі. Аспан асты мұражайы бой түзеді. Бұл әлемнің түпкір-түпкірінен тәу етіп келушілер мен туристердің көңілінен шығары анық.

КСМ: Кесене айналасындағы 33 гектар жердегі жәдігерлер жаңғыртылып, ат шаптырым аумақ көгалдандырылады. Қазақ үшін ең құнды Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің көк күмбезіне дейін әріленеді.  Құрылыс 4 секторға бөлінген. Бүгінде  «Қашқари картасы» деп аталатын негізгі құрылыс нысанының жұмыстары толықтай аяқталған.  

СНХ: Мұрат  Базарқұлов - Түркістан қаласы әкімінің орынбасары

1:15-1:36 Қазір біз тұрған нысан «Қашқари картасы» деп аталынады. Бұл жер тарихи танымдық локация деп белгіленіп отыр,Бұл жерде бұрынғы Қашқари картасына сәйкес Орталық Азия аумағының және Жібек жолы бойнда орналасқан табиғи-мәдени орталықтардың даму жолдары айшықталып көрсетілген осы картада.

КСМ:Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңын қалыпқа келтіру үшін бюджеттен 4,5 млрд теңге қаржы қарастырылған. Бүгінде жұмыстың 40 пайызы орындалды. Жалпы бұл жоба  бірнеше жылға жоспарланған. Мамандар құрылысқа  арнайы зертханада жасалынған сапалы кірпіштер пайдаланылды, деп отыр. 

Снх: Күміс Сейітова – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің  Департамент директоры

3:38-3-57 Кесенені алып қарасақ жай құрылыс кірпіштері емес, арнайы қолмен жасылынатын өзіндік технологиясы бар кірпіштер қолданылады. 4:07-4:14 Бұлардың құрылысында күнделікті цемент емес өздері зертханада жасайтын қоспалар қолданылады.

КСМ: Рухани мәдени орталықты  қалпына келтіру жұмыстары Юнеско-ның тікелей бақылауында.  Жыл соңына дейін бұл маңда Этно-ауыл бой көтеріп, ботаникалық бақ  бой түзеді.

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
18:47, 4 тамыз 2020
ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
Толығырақ...
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
18:34, 4 тамыз 2020
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢАШЫЛДЫҚ -  ЖАҢА  НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
15:04, 29 шілде 2020
ЖАҢАШЫЛДЫҚ - ЖАҢА НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
Толығырақ...