ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ? Толығырақ

КЕШЕНДІ ЖОСПАР ЖҰМЫЛА ЖҰМЫС ІСТЕУДІ ТАЛАП ЕТЕДІ

19:34, 10 шілде 2019

Шымкент қаласын дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспары қабылданды. Күні кеше үкімет отырысында кешенді жоспарды таныстырған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов енді жол картасын әзірлеуге кірісті. Ол үшін шахар активін жинап, сала мамандарына тиісті тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласын дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспары 10 бағыт 89 жобадан тұрады. Мақсат үшінші мегаполистің халқы үшін өмір сүруге қолайлы жағдай жасау. Ол үшін республика мен жергілікті бюджеттен 1 триллион 284 млрд теңге қаржы қаралады. Осы қаражаттың 65 пайызын жеке инвесторлар береді.Жоспардағы негізгі бағыт ол тұрғын үй шаруашылық саласы. Ол үшін 30 жоба іске асатын болады. Соның бірі, қала аумағынан электр станциясын салу ісі еді. Құны 9 млрд-ты құрайтын жоба іске асса, қала аумағында электр жарығы сөнбейтін болады. 

Ғабидолла Әбдірахымов – Шымкент қаласының әкімі

-Станцияға республикалық бюджеттен ақша қаралады. 2 жылда аяқталады. Сосын қала аумағында свет өшпейтін болады. Ал, канализация бойынша кейін қосылған елдімекендерде проблема бар. 2 тазарту қондырғысын салатын боламыз. 

Шымкент қаласын дамыту жоспарын жүзеге асыруда инвестициялар көлемін бес жылда 1 трлн теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, көлік және инженерлік инфрақұрылымды одан әрі дамытуға қатысты 11 жоба мақұлданды. Келесі жылы әуежайдың жолаушылар терминалының құрылысы, теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары аяқталуы тиіс.

 Ғабидолла Әбдірахымов – Шымкент қаласының әкімі

-Әуежайдың жаңа терминалыын салатын боламыз. Теміржол қайта құрылымдаудан өтетін болады. Ол үшін 4,2 млрд тенге бөлінеді.

Тұрғын үй құрылысында халықаралық стандарттар ескерілетін болады.  Тек «Шымкент Сити» жобасын іске асыру нәтижесінде 1,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Ал, Бесінші бағыт спорт бойынша «Қажымұқан» стадионы халықаралық стандартқа сәйкестіндіріледі.

 Ғабидолла Әбдірахымов – Шымкент қаласының әкімі

-Осы «Қажымұқан» стадионы бойынша көп сын пікірлер журналистер мен блогерлер тарапынан айтылды. Бірақ, ол сынаған адамдар құрылыс салып көрмеген деп айта аламын. Себебі, тұрған стадионды бұзуға 10 млн АҚШ доллары кетеді. Ал, жаңасын салуға 15 млн АҚШ доллары кетеді.  

Бүгінде қалада 130 мектепте 194 мың оқушы білім алады. 19 мектеп 3 ауысымға көшу қауіпі бар. Сол себепті, жаңадан 15 мектептің құрылысы аяқталуы тиіс. Ескі шахардағы «Цитадель» ең негізгі туристтік нысан болуы үшін барлық жағдай жасалады. Ал, 2100 орындық жаңа конгресс холлда үлкен жиындар өтетін болады. Жетінші бағыт денсаулық саласы бойынша 1000 орындық жаңа аурухана 2023 жылға дейін пайдалануға берілетін болады. Үкімет отырысында мақұлданған кешінді жоспарды енді тек іске асыру ісі қалды. Ол үшін қала активі көп жұмысты мерзімі қысқа уақытта іске асыру қажеттілігі айтылды. 10 күннің ішінде арнайы жол картасы әзірленіп, жауаптылар мен жұмыс кестесі нақтыланатын болды.

Р. Бақытжанқызы                                                                               

Тақырып бойынша материалдар

 ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
16:44, 9 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
Толығырақ...
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
16:41, 9 шілде 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
16:16, 3 шілде 2020
ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18:07, 3 шілде 2020
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...