ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

КӘСІП АШАМЫН ДЕГЕН ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨП

16:58, 15 наурыз 2019

Шымкентте «KMF Isker hanymy» кәсіпкер әйелдерге арналған конференциясы өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын аймақтық басқосуға Түркістан облысындағы 150-ден астам кәсіпкер қатысты. Онда «Тиімді сату. Тауарлар мен қызметтерді жылжытудағы жаңа технологиялар» тақырыбында әңгіме өрбіді.

Жыл сайын «Әйел және бизнес» тақырыбында өтетін конференция биыл «KMF Iskerhanymy» атауымен ұйымдастырылды. Мақсат елімізде кәсіпкерлікпен айналысып жүрген нәзік жандыларға қолдау көрсетіп, өз бизнесін өрге сүйреудің  жолын үйрету. Сондай-ақ конференцияда бизнесте аяғынан тұрғандарға ғана емес, кәсібін енді бастаған әйелдер мен шағын кәсіпкерлерге бағыт –бағдар көрсетілді.

Күлсара Сапарбекова – KMF микроқаржылық ұйымының Шымкент қаласы бойынша  атқарушы директоры

«KMF Iskerhanymy» конференциясы елімізде 2006 жылдан бастап өтіп келеді. Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі шара. Еліміздегі әйелдің рөлін ашып, кәсіпкерлікті дамытуға өзінің елеулі үлесін енгізуде. Қазіргі таңда KMF-те қарыз алушылардың шамамен 66 пайызы –әйелдер. Біздің KMF-пен міндетіміз оларды, ауылды жерлерде де  қолжетімді қаржыландырумен қамтамасыз ету. Сондай-ақ нарықтық өмірге бейімдеуге көмектесу.

 Айта кетейік, бүгінгі шараның өтуіне ұйытқы болған «KMF Демеу» корпоративтік қоры мен KMF микроқаржылық ұйымы. Қазір өңіріміздің барлық аймақтарында аталмыш ұйымның кеңселері жұмыс істеуде. Олардан қаржы алып кәсібін дөңгелеткендердің бірі Матлуба Усманова. Жеке кәсіпкер өз ісін 17 жыл бұрын бастаған. Бастапқыда өз үйінен сандық жасап шығарған сарыағаштық тұрғын қазір кеңейтілген цех ашыпты.

Матлуба Усманова – жеке кәсіпкер

Бастапқыда он адам болып, өзіміз жұмыс бастадық. Кейіннен осы KMF микроқаржылық ұйымынан қаржы алып, кәсібімді кеңейттім. Сандық жасап бастаған едім, қазір үй жиһаздарында шығарып жатырмыз. Сұраныс көп. 20-25 азаматты жұмыспен қамтып отырмын.

 Шарада кәсіпкерлер  өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынып, арнайы көрме ұйымдастырды. Оларды Интернет арқылы сату техникалары мен шағын бизнеске арналған маркетинг әдістемесі таныстырылды.

Ә. Дәулетбекқызы                                                    

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРМЕҢКЕ АЛУШЫҒА ДА, САТУШЫҒА ДА ТИІМДІ
17:30, 13 қыркүйек 2019
ЖӘРМЕҢКЕ АЛУШЫҒА ДА, САТУШЫҒА ДА ТИІМДІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
17:30, 13 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар