ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕР КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

12:39, 13 мамыр 2019

Рамазан – рахым айы! Барша мұсылманға ұлық болған оразада Мақтааралдық Мамытовтар отбасы баспаналы болды. Жанұяда мектеп жасындағы 5 бала білім алады. Отағасы денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсыз еді.

Мамытовтар отбасы үшін рамазан айы өзінің құт - берекесін алып келді. Екі жылдан бері тозығы жеткен жалдамалы пәтерде тұрып келген олардың енді баспанасы бар. Жеке кәсіпкер Орынбасар Жұмабаев өз қаржысына көпқабатты тұрғын үйден  пәтер сыйға тартты. Осылайша, айлардың сұлтаны - рамазан айында сауапқа кенелуді, мұқтаждарды қуантуға ниет етіпті.

Орынбасар Жұмабаев – меценат, кәсіпкер

- Енді менің пәтер алып отқан себебім, осы кісілерге мына Мақтаарал ауданында "Баспана" бағдарламасы жүріп жатыр. Соны естіп. мұқтаж болған кісілерді іздестіріп, осы кісілерді тапқаннан кейін пәтер алып бердім. Алла разылығы үшін өзім ниет қылдым.

 Отағасы - 2 - топ мүгедек болса, жары Аманкүл Төлеуқызы мектепте тазалықшы  болып еңбек етеді. Тапқан табысы кәмілет жасына толмаған 5 баланың күнделікті тамағынан артылмайтын. Осылай деген  Мақсат Мамытов кәсіпкерге алғысын айтты.

 Мақсат Мамытов - отағасы

- Бірінші Аллаға шүкір етеміз, одан кейін үй алып беріп жатқан кісілерге рахмет айтамыз. Ұзақ жасасын дейміз, бала - шағасының қызығын көре берсін деп айтамыз.

 Сондай-ақ, Мақтаарал ауданының орталық көшелерінде ауыз бекіткен жергілікті тұрғындарға су мен құрма тегін таратылды. Игілікті шараны аудан мешіттерінің имамдары, аудандық сот және Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері бірлесіп атқарды. Мұнан соң, аудан әкімі Бақыт Асанов "Гүлсара" мейрамханасында жергілікті халыққа арнап ауызашар берді. Игілікті шара барысында Мамытовтар жанұясына пәтер кілті салтанатты түрде табыс етілді. Айта кетейік, қайырымы мол бастама алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.  

Р.Бақытжанқызы

Тақырып бойынша материалдар

ДОПИНГ ҚОЛДАНҒАНДАРҒА ЖАЗА ҚАТАҢДАТЫЛАДЫ
19:47, 18 қыркүйек 2019
ДОПИНГ ҚОЛДАНҒАНДАРҒА ЖАЗА ҚАТАҢДАТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЛТӨБЕДЕН II ҒАСЫРДЫҢ  АЛТЫНДАРЫ  ТАБЫЛДЫ
17:33, 12 қыркүйек 2019
КҮЛТӨБЕДЕН II ҒАСЫРДЫҢ АЛТЫНДАРЫ ТАБЫЛДЫ
Толығырақ...
БАҒДАРЛАМА ЖҮРЕК АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДА
17:28, 13 қыркүйек 2019
БАҒДАРЛАМА ЖҮРЕК АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДА
Толығырақ...