ШҰҒЫЛ! ӘКІМ УӘДЕСІНДЕ ТҰРДЫ,ТҰРАНҒА АТ БАСЫН БҰРДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕР ТАБЫСЫН ЖАСЫРУҒА НЕГЕ ҚҰМАР?

12:37, 13 ақпан 2020

Еліміз бойынша ең көп мейрамханалар мен тойханалар Шымкентте орналасқан. Алайда, ісін дөңгелеткен кейбір кәсіпкерлер салық төлеуден жалтарады. Мұны сала мамандары өткен жылды қорытындылаған есепте баяндады.

Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы2019 жылдың қорытындысымен республикалық және жергілікті бюджет кіріс көздері бойынша мемлекеттік жоспарды 100 % орындаған. Қазынаға 37 млрд 585 млн түссе, 147 млн 500 мың теңгені артық өндірген. Алайда, сала мамандары салық төлеушінің барлығы бірдей белсенді емес дейді. Себебі, ел қазынасының толық жиналуы түсіндіру жұмыстарының нәтижесі екен.

Ер-ТарғынЕскеров - Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары

-Республикалық бюджет – 100% немесе межеленген жоспардан  0,9 млн.тг. артық орындалады . Жергілікті бюджет – 101% немесе межеленген жоспардан 146,6 млн.тг артық қамтамасыз етілді.

Аудан көлеміндегі ірі кәсіпорындардың корпоративтік салық көрсеткіші төмендеген. Оның объективті себебі бар.

Ер-ТарғынЕскеров - Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары

-Ірі салық төлеушілердің бірі «Авиякомпания «СКАТ» АҚ-ы» бойынша есепті кезеңде 831,2 млн теңге жо,алту соммасы орын алып отыр. Салық төлеуші 2018 жылы  1196,4 млн теңге төлем жасаса, 2019 жылы 365,2 млн теңге төлем жасаған.

Мемлекет тарапынан азаматтарға салықтық жеңілдіктер де қарастырылған. Атап айтсақ,сaлықтық рақымшылық нәтижесінде 1086 заңды тұлғамен, жеке кәсіпкерлердің 59 млн.теңге өсімпұл сомасы, 14125 жеке тұлғаның 24млн теңгелік өсімпұлы рақымшылыққа ілігіп, жойылған. Ал, Қаратау ауданы бойынша 29 мың салық төлеуші бар. Олардың басым бөлігі көлік салығынан жалтарып жүргендер.

Бақытжан Тілесбай - Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары

-Жүргізілген мәжбүрлеп өндіру шаралары нәтижесінде 124865,0 мың теңге өткен жылдардан келе жатқан қарыз сомалары бюджетке өндірілді.

Сала мамандары алдағы уақытта кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің қосымша кіріс көздерін анықтап, салықты өндіру үшін барлық уәкілетті органдармен тығыз байланыста жұмыс жасамақ.

Р.Бақытжанқызы          

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ  ҰРЛАП  ҚАШҚАН
18:06, 20 ақпан 2020
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ ҰРЛАП ҚАШҚАН
Толығырақ...
ШАҚПАҚТЫҚ ЖАСТАР ШАТАҚ ІСКЕ МҮЛДЕМ ЖОҚ
15:10, 17 ақпан 2020
ШАҚПАҚТЫҚ ЖАСТАР ШАТАҚ ІСКЕ МҮЛДЕМ ЖОҚ
Толығырақ...