ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ? Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕР ЖЕР АЛА АЛМАЙ ЖҮР

16:29, 10 шілде 2019

Кәсіпкерлер жер теліміне қатысты дауларға жиі ұшырайды. Бір айдың өзінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына 30 өтініш келіп түседі екен. Осы өзектіні шешу үшін, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 Бостан Айтқұлов диқаншылықпен айналысады. Қарбыз қауын егіп, жиым-терімнің ақшасына отбасын асырайды. Айтуынша кәсібін өзінің емес, өзгенің жерінде дөңгелетіп отыр. Екі жылдан бері жер сұрап, қақпаған есігі қалмапты. 

 Бостан Айтқұлов – Диқан

Жерді ала алмай жатқаныма екі жыл болды. Сандалып жүрмін. Ары-бері сандалтып жіберді. Өзім жерді жалға алып, көкөніс, мақта егем. Енді өзімнің жерімді алуға мүмкіндік болмай жатыр. Барлық жерге бардым. Болмай жатыр. Соны бүгін айтуға келдім.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, бизнес өкілдерінің кез-келген мәселесіне құлақ асады, шешуге тырысады. Орталық басшысының айтуынша,  кәсіпкерлер арасында жер дауы өте өзекті. Оларға мүмкіндігінше дұрыс бағыт-бағдар беріп, көмектесуге тырысады.

Арман Жүсіпбаев  – Түркістан кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының КММ басшысы

Көпетеген проблема болады. Әкімшілік кедергі болады. Бір айда 30-40 өтініш келіп түседі. Кәсіпкерлерге қызмет көрсетеміз.Әр кәсіпкердің өз проблемасы бар.Әр жердің мерзімі бар. Сол мерзімдеріне сәйкес көмек береміз.  

 Өзекті түйткілдер ортаға салынған жиында, кәсіпкерлер бар мәселесін ашып айтты. Тиісті басқарма, жерді жалға және  өз меншігіне алу үшін жер туралы заңның қағидаттары мен міндеттерін толық түсіндірді. Айтылған арыз-шағым қаралып, жуық арада шешілмек.   

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
16:44, 9 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
Толығырақ...
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
16:41, 9 шілде 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
16:16, 3 шілде 2020
ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18:07, 3 шілде 2020
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...