ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

17:14, 1 қазан 2019

Түркістанда үлкен сауда орталығы салынатын болады. Сонымен қатар жақын арада облыс орталығындағы индустриалды аймаққа кәріз жүйесі жеткізіледі. Бұл туралы бүгін Нұр Отан партиясында өткен еркін форматтағы қоғамдық қабылдау кезінде мәлім болды. Айтып өтейік, бұл жолы партияның қабылдау бөлмесіне жазылған азаматтарды облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев қабылдаған болатын.

Түркістандағы индустриалды аймаққа инфрақұрылым жүйелерінің жетпегені мен ондағы жерлердің мақсатқа сай пайдаланылмай жатқанын кәсіпкер Камал Юлдашевтің айтып жүргеніне біраз болған. Ол осы мәселені көтеріп талай табалдырық тоздырыпты. Бірақ нәтиже жақсармаған. Бүгін сол жайды облыс әкімінің орынбасарына жеткізді. Мәселенің мән-жайына қаныққан Мейіржан Иябайұлы барлық істің жақын арада оң шешілетініне сендірді.

Мейіржан Мырзалиев – Түркістан облысы әкімінің орынбасары

Мен жақын арада сол жерге барамын. Сөйтіп сол мәселелерді сол жерде талқылайық. Сіз даму жоспарын ұсыныңыз. Біз қажетті шешімді қабылдаймыз.    

 Сонымен қатар осы қабылдау кезінде Түркістаннан үлкен сауда орталығын салу туралы да келісілді. Бұйыртса келер жылы Түркістанда  бір мезетте мыңнан астам тұтынушыға қызмет көрсете алатын алып кешен іске қосылады. Ол жұмысты «Магнум» дүкендер желісінің құрылтайшылары іске асырады.  

Азамат Османов – «MAGNUM CASH & CARRY» компаниясының басқарма төрағасы

Біз басында ғимаратты жалға алып жұмыс жасаймыз. Одан кейін өзіміз жеке ғимарат саламыз деп жоспарлап отырмыз. Бұйыртса 2020 жылы іске қосамыз. Ол үш біз өте қуаныштымыз. Халыққа тиімді әрі ыңғайлы болады деп ойлаймын.

 Екі сағатқа жоспарланған қабылдауға бас-аяғы 30-ға жуық адам жазылыпты. Олардың көбі кәсіпкерлер. Қоғамдық қабылдау кезінде барлығының мәселесіне мән берген облыс әкімінің орынбасары әрбір істі өз бақылауына алатынын айтып оң шешімін табуға ықпал ететін жеткізді.

М. Жарылқасын                                                                  

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...