ШҰҒЫЛ! АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ЗАҢСЫЗ ШЫҒАРЫП КЕЛГЕН Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІК КӨРСЕТКІШІ КӨШ БАСЫНДА

12:29, 7 ақпан 2020

Бәйдібектік бизнес өкілдері кәсіпкерлік саласында белсенді. Былтыр ауданда «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында 300 азамат кәсіптік сауатын ашқан. Олардың 31-і - 6 пайызбен жеңілдетілген несие алған. Осы бағытты қаржыландыруға 84,1 теңге қарастырылған. Бұл жайында аймақтық кәсіпкерлік палатасының өкілдері баяндады.

Бәйдібек ауданында «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында 40 азамат білімін шыңдаған. Олардың 13-і жалпы соммасы 44 млн. теңгені құрайтын төмен пайызды несие алған. Мемлекеттік бағдарламаның шарапатына арқа сүйеп, тәуекел еткен кәсіпкерлердің ісі бүгінде күн санап артып келеді.

Сылқынбек Спабеков – «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Бәйдібек аудандық филиалының директоры

 «Бизнестің жол картасы - 2020». Нақ осы бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлердің жобаларын іске асыруға бағытталған 118 млн теңгенің қайтарымсыз гранты бар. Қаражатқа ие болған 239 азаматтан тіпті кепіл үшін мүлік те сұралмаған. Бұл іс бастаған азаматтарға үлкен жеңілдік болды.

Бақытбек Танагөзов - Бәйдібек ауданының әкімі

«Жалпы аудан бойынша 4200-ден аса кәсіпкер бар екен. Оның біразы шаруа қожалығы, біразы жеке кәсіпкер. Былайша айтқанда жеке тірлігімен айналысып жүрген азаматтар. Енді солардың өндірген һнімін снап көріп едік, былтырғы жылодың қорытыныдысы бойынша. Былтырғы жыл бойынша 7 млрд 800 млн теңгенің өнімін кәсіпкерлер өндіріпті»

2019 жылы ауданда  4 219 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда едәуір көп.  Ал, бөлшек сауда көлемі 2,3 млрд. теңгені құрап, жоспар 101 пайызға артығымен орындалып отыр. Жиын соңында осы салада еңбегімен көзге түскен бірқатар азаматтар құрмет тұғырынан көрінді.

Д.Өмірзақова                                                             

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
20:23, 30 қазан 2020
БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...
20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:21, 30 қазан 2020
МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚ АҚШАСЫ - ХАЛЫҚҚА ЖЕТУ КЕРЕК
Толығырақ...