ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДА ОҚЫҒАНДАР ОҚ БОЙЫ ОЗЫҚ ЖҮРЕДІ

13:53, 9 қыркүйек 2019

Шағын бизнес ел экономикасының локомотивіне айналуы қажет. Бұл елбасының көрсеткен жолы. Осыған байланысты Жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдау үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Жас кәсіпкер» жобасын қолға алған болатын. Түлкібас ауданындаосы бағдарлама бойынша 107 азамат білім алудың алғашқы легін бастады. «Жас кәсіпкер» бағдарламасын оқыған жастарға арнайы сертификаттар табысталды.

Кәсіп ашып, өз ісін дөңгелеткісі келетін 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар үшін «жас кәсіпкер» жобасы таптырмас бағдарлама болып отыр. Өйткені, кәсіпке ынталы жастарға қайтарымсыз гранттық қаржыландыру қарастырылған. Онымен қоса аталмыш жоба бойынша жаскәсіпкерлер білім ала  алады. Осындай бастамамен ауданда 107 жас кәсіпкер курстарын аяқтады.

 Дулат Сарсенов-Түлкібас ауданының тұрғыны

 Мемлекет тарапынан жас кәсіпкер бағдарламасының 13 күндік курсын оқып қазіргі таңда бизнес жоспарымды қорғап мал шаруашылығында өзімнің жеке кәсібімді ашпақшымын. 

Ауыл шаруашылығын  қолдау қоры  бизнестің кез - келген түрін несиелейді және несие үстемесін субсидиялайды.  Несиенің жылдық үстемесі  бар болғаны - 6 пайыз. Кәсіпкерлер үшін 18 млн. теңгеге дейін қаржы бере алады.  Ал, «Қаз Агро финанстың» қойып отырған үстемесі - 14 пайыз. Басқосуда  кәсіпкерлерге көрсетілетін көмек пен олардың   құқығын қорғау жайы да сөз болды.

Ерлан Күзембаев- Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары

2019 жылдан бастап жас кәсіпкерлерлерімізге 52 грант бөлінген болатын сол қазір 270 ке жетіп 200МРП дан грантқа ұлғайып отыр. 

Аталған іскерлік алаң өз жұмысын жалғастыра береді. Сондықтан бизнес бастап, өз ісін ашамын деуші жастарға мүмкіндіктер мол.

Ұ:Байниязова

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар