ШҰҒЫЛ! ТӨМЕНДЕТІЛГЕН ЖАҢА ТАРИФТЕР ЖАРИЯЛАНАДЫ Толығырақ

КӘСІПКЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

14:14, 8 қараша 2018

Туған жерді түлету – азаматтық парыз. Елімізде халық сенімін ақтап жүрген кәсіпкерлер жетерлік.Солардың бірі өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосып жүрген танымал азамат – Талғат Ысқақов. Кәсіпкерлікпен сәтті айналысып жүрген мекеме басшысы тәжірибесімен бөлісу үшін жастармен кездесті.

Кештің мақсаты – елімізде ісін өрге дөңгеленткен кәсіпкерлердің  тәжірибесімен бөлісіп, жетістіктерін жастарға паш ету. Туған елге, жерге деген  сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді ояту.

Әсел Қанатқызы – «Болашақ» колледжінің студенті 

Осындай кереметтей азаматтар мен азаматшалармен кездесудемін. Мына біздей жастарға, болашаққа деген сенім ұялататына мен  сенемін.

Талғат Ысқақов - Алғабас ауданы, Жүзім ауылында туып өсті. Ол  1994 жылдан бастап, кәсіпкерлікке бет бұрған. Бүгінде Шымкенттегі кілем өндіретін «Бал текстиль» фабрикасының  басшысы. Қазақстандағы озық кәсіпорын  шет елде де өз өнімдерінің сапасы  үздік екенін дәлелдеген.  Бүгін жастарға қызықты тәжірибесімен бөлісіп, ақыл кеңесін айтты.

Талғат Ысқақов – кәсіпкер

Балалардың ән шырқап, домбыра тарту өнерлерін, өмірге деген құштарлықтарын көріп, үлкен әсерде алып отырмын. Бұйырса, біздің болашағымыз өте жарқын болады. Себебі іскер, адал, отанға қызмет  ететін жастарымыз өсіп келеді.

Кәсіпкер бизнес бастауда тынымсыз, қажырлы еңбектің маңыздылығын түсіндірді. Ал, жастар болса, бар қарым -қабілетін ізгілікке жұмсаған іскер азаматтан үлгі  алды.

М.ӘСЕМБЕК                                                                                       

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
18:31, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
11:39, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
Толығырақ...