ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

КЕЗЕКШІ СЫНЫПТАРДАҒЫ САНИТАРЛЫҚ АХУАЛ

19:14, 18 қараша 2020

Көзді ашып-жұмғанша, мектеп шәкірттері үшін екінші тоқсан да басталып кетті. Алмағайып кезеңде оқушы үшін сапалы білім алу бір міндет. Ал, санитарлық талапты қатаң сақтап, ережені ескеру екінші жүк. Мектептерде әлеуметтік қашықтықты сақтауға баса мән берілген. Әр үзіліс сайын кабинеттер дезинфекцияланады. Әр оқушыға жеке парталар мен орындық бөлінген. Жоғары сынып шәкірттері сабақты онлайн оқып жатса, бастауыш сыныптар үшін кезекші топтар жұмыс істеп жатыр.

Екінші тоқсан басталысымен бастауыш сыныптармен қоса, бесінші сынып оқушылары үшін де кезекші топтар ашылды. Бұл  Ақпан батыр атындағы № 10 мектеп. Арнайы дезинфекциялық құралдар орнатылған. Сабақ басталмас бұрын шәкірттер қолдарын өңдеп, дене қызуы  тексеріледі.

Шахна Исметова – мектеп медбикесі

Оқушылар маска тағуға міндетті. Балалар дәлізде де көп шоғырланбайды. Себебі кезекші сыныптар  әртүрлі уқытта оқиды.  

Руслан Сатыбалдиев - Ақпан батыр атындағы № 10 мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары  

 

Ал, бұл – Максим Горький атындағы №12 орта мектеп. Кезекші сыныпта  оқушы саны 15 баладан  аспайды. Әлеуметтік  қашықтық қатаң сақталған. Әр оқушыға жеке орындық және парта бөлінген. Әр ауысым сайын мектеп дезинфекцияланады.  Мұнда барлығы 34 кезекші тобы ашылды.  Онда барлығы 510 бала оқиды. 

Болат Кентаев – М. Горький атындағы №12 жалпы орта мектептің директоры

 

Бастауыш сыныптар үшін кезекші топтар ұйымдастырылса, ал жоғарғы сыныптар   мектеп бағдарламасын  қашықтан оқып  жатыр. Интернет  платформалардың арқасында ұстаздар оқушының сабаққа қатысу белсенділігін бақылай алады. Шәкірттермен  кері байланыс орнатылған. Бастысы  санитарлық - эпидемиологиялық шараларды сақтау, дейді мектеп ұжымы. Бұл біріншіден оқушылардың қауіпсіздігін үшін жасалып отыр.

 

Г. Қалмырзақызы                    

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар