ШҰҒЫЛ! ОНКОЛОГТАР ПЫШАҚСЫЗ ОТА ЖАСАУДА Толығырақ

КИІЗДЕН КІЛЕМШЕЛЕР ЖАСАЛЫП ЖАТЫР

18:20, 14 қаңтар 2021

Шымкент қаласының инвестициялық белсенділігі жыл санап артып келеді. Өткен жылдың өзінде бір ғана «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында алты жоба іске қосылған. Солардың бірі – «Bal Decor» кілемше фабрикасы. Кәсіпорын тауарларын сатылымға шығаруға сап дайын. Заманауи үлгідегі кілемшелердің ерекшеліктерімен етене танысып қайтқан әріптесім толықтырады.

 «Bal Decor» 2020 жылдың 16 желтоқсанында, тәуелсіздік күніне орай ашылған кілемше фабрикасы. Қазір өнім ордасы 20-ға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорынға тартылған инвестиция көлемі 125 миллионды құрайды. Мемлекеттен де қолдау тауып отырмыз, - дейді фабрика басшысы

 

Огуз Дурру - «Bal Decor» ЖШС-нің директоры

Мемлекет кеден салығынан босатты. Шекарадан шикізат өткізуде ешқандай кедергі жоқ.

 

Мұнда жасалатын әрбір кілемше уақыт пен шыдамдылықты талап етеді, - дейді дизайнер Махаббат Мырзатайқызы. Кілемше түріне қарай, көрінісін әзірлеу де әртүрлі уақытқа созылатын көрінеді. Оның айтуынша, тұтынушының қалауын орындау басты міндеттері.

 

Махаббат Мырзатайқызы – дизайнер

Классика әрқашан сәнде деп ойлаймын. Біз клиент қандай тауарды сұраса, соны істеуге тырысамыз. Мәселен біреулер табиғаттығ біреулер портрет сұрайды. Оның бәрін орындаймыз.

 

Дайын өнімдер енді сатылым сөрелеріне шығарылмақ. Қазақстанның барлық қалаларына, сондай-ақ, көршілес елдерге экспорттау көзделген. Фабрика қызметкерлері мұнымен тоқтап қалмайтындықтарын айтады. Әлі де тың идеялары көп. Қазақтың қара киізін де заман талабына сай етіп, қолданысқа енгізбек.

 

Огуз Дурру - «Bal Decor» ЖШС-нің директоры

Киізден де керемет дүниелер жасап шығаруға болады. Біз соны қолға алдық. Тапсырыс бойынша киізге кез келген бейнені жасап шығарамыз.

 

Кәсіпорын өкілдері кілемшелердің ерекше екендігін айтады. Заманауи үлгіде, әрі жуыну бөлмесіне арналғандықтан таймайтын болып келеді. Ең бастысы, кілемшенің өзін де жууға болады.

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН ДЕПУТАТТАР АНТ БЕРДІ
20:55, 15 қаңтар 2021
ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН ДЕПУТАТТАР АНТ БЕРДІ
Толығырақ...
ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
17:44, 15 қаңтар 2021
ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕ...
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ ЖАСТАРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕКЕНІН АЙТТЫ
17:40, 15 қаңтар 2021
ПРЕЗИДЕНТ ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ ЖАСТАРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕКЕНІН АЙТ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН ЖҮРГІЗУШІ ЖАЗАЛАНДЫ
17:29, 11 қаңтар 2021
ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН ЖҮРГІЗУШІ ЖАЗАЛАНДЫ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТҚА ҰСЫНЫЛҒАН ҮМІТКЕРЛЕР ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ
15:10, 14 қаңтар 2021
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТҚА ҰСЫНЫЛҒАН ҮМІТКЕР...
Толығырақ...