ШҰҒЫЛ! ЕРСҰЛТАН МҰЗАППАРОВ "ӘЛЕМ БАРЫСЫ-2018" ТУРНИРІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ Толығырақ

ҚИРАҒАН КӨПІР ҚАЙТА ЖӨНДЕЛДІ

14:18, 16 сәуір 2018

Рухани жаңғыру атамекенге қол ұшын созудан басталады. Туып өскен өлкеге қызмет ету – азаматтың елі алдындағы негізгі міндеті. Осыны басты назарға алған облыстық мәслихаттың депутаты Әсет Қайыпбеков Шымкент іргесіндегі Елтай ауылында қираған көпірді қайта жөндеуден өткізіп берді.

Перизат Биназарқызы – тілші

 300-дей түтіні бар Елтай ауылындағы мына көпірдің халыққа қызмет етіп келе жатқанына жарты ғасырдан астам уақыт болған. Бұл көпір арқылы жергілікті оқушылар судың арғы бетіндегі мектепке қатынайтын-ды. 1500-ге жуық балаға қауіп төніп тұрғанын ескерген халық қалаулысы өз қаржысына көпірді жөндеп берді. Игілікті іске жергілікті тұрғындар разы.

Жақсылық Тағаев – Елтай ауылының тұрғыны

Бұл көпірдің қирап тұрғанын біз бірнеше рет айттық. Келіп көріп кетеді. Еш нәтиже жоқ. Міне, енді нағыз азамат екен... келіп 2-3 күннің ішінде істеп бере салды. Рахмет.

Шымкенттен Төлеби ауданына барар жолда орналасқан бұл елдімекеннен қалаға қатынайтын қоғамдық көлік те жоқ. Мәселесі қордаланған ауыл тұрғындары депутаттарға өтініш білдірген.

Ерболат Бекболатұлы – Елтай ауылының тұрғыны

Енді біз халық қалаулысы ретінде сайладық қой бұларды. Халық мұңсыз болмайды... мұңын осы депутаттарға айтады. Біз де сол айтып, көмек беруін өтіндік. Бұл кісінің еңбегін ел біледі.

Ескі көпір әсіресе, бастауыш сынып оқушылары үшін үрейлі еді. Оларды мұғалімдердің өзі... біртіндеп, жетектеп өткізетін. 

Дана Жансейіт – Елтай ауылының тұрғыны

Мен осы көпірмен мектепке барғанда қорқамын. Үлкен ағайлар, апайлар өткізіп жібереді. Барлық балалар ой шұңқырына түсіп кетеміз бе деп үрейленеді.

Асылжан Баймахан – Елтай ауылының тұрғыны

Бір рет балалармен өтіп бара жатқанымызда бір бала қорқытып бізді... құлайын деп қалғанбыз. Содан кейін мен де үлкен кісілер келгенше күтіп тұрып, сол ағайлармен бірге өтемін.

Айтып өтейік, облыстық мәслихаттың депутаты Әсет Қайыпбековтың жерлестеріне жасаған еңбегі бұл ғана емес. Бұған дейін өзі туып өскен ауылға мешіт салып беріп, демалыс саябақтарының тұрғызылуына мұрындық болды.

П.Биназарқызы 

Тақырып бойынша материалдар

ТҮЙЕ МЕН БИЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
17:58, 11 желтоқсан 2018
ТҮЙЕ МЕН БИЕ СҮТІНЕН ҰНТАҚ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
ИГЕРІЛМЕГЕН БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
17:52, 11 желтоқсан 2018
ИГЕРІЛМЕГЕН БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АДАМДЫ ТІРІДЕЙ КӨМГЕН ҚАСКӨЙЛЕР ҰСТАЛДЫ
17:56, 7 желтоқсан 2018
АДАМДЫ ТІРІДЕЙ КӨМГЕН ҚАСКӨЙЛЕР ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...
11 АЙДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 5000 ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН
13:56, 6 желтоқсан 2018
11 АЙДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ 5000 ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛ...
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУГЕ АҚСАҚАЛДАР ҮЛЕС ҚОСАДЫ
13:59, 6 желтоқсан 2018
ТҮРКІСТАНДЫ ТҮЛЕТУГЕ АҚСАҚАЛДАР ҮЛЕС ҚОСАДЫ
Толығырақ...