ШҰҒЫЛ! БІЗ ПАРА БЕРМЕЙМІЗ! Толығырақ

КІШКЕНТАЙ АРУЛАР СЫНҒА ТҮСТІ

13:24, 20 қараша 2019

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №65 «Балбұлақ» бөбекжай-балабақшасының ұжымы алтын күз мерекесін атап өтті. Шара Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. Онда кішкентай арулар байқауы өтті. Бұл шара өскелең ұрпақты ізгілікке тәрбиелемек.

Шымкенттегі№65 «Балбұлақ» бөбекжай-балабақшасының кішкентай тәрбиеленушілері әр мерекені үлкен көлемде атап өтеді. Ондағы мақсат балаларға тәрбиені тал бесіктен сіңіріп. Ұлттық құндылыққа баулу. Жұмакүл Тайтелиева - №65 «Балбұлақ» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі

-Жас, кішкентай қыздарымызды көркемділікке үйрету мақсатында инабаттылыққа, имандылыққа үйрету. Және ата-аналармен қарым-қатынас жұмыстары жүргізіледі. Бұл өте қазіргі кезде актуалды тема. Келіп жатқан бала мен ата-ананың, педагогтің үшеуінің арасындағы қарым-қатынасты ұштастыру. (00:39-1:07)

«Алтын күз» мерекесіне орай кішкентай арулар арасында байқау ұйымдастырылды. Қыздардың қылықты, ибалы болуы сайыс шарттары да осы бағытқа икемделген. Ол үшін балғындардың аналары да арнайы қатысып, сынға түсті.

Салтанат Қозғанбаева – ата-ана

-Осындай мерекелік шаралар өте көп болады. Тәрбиелік мәні өте зор. Осы ұжымның басшысы Жұмакүл Шегебайқызы бастап, тәрбиешілері өте жақсы. Балаларға жақсы тәлім-тәрбие беріп жатыр. Қызым мерекелік шараларға жақсы қатысады, ат салысады. (00:24-00:52)

Бүгінгі сайыста үздік деп танылғандарға арнайы сыйлықтар үйлестіріліп, алғыс хаттар берілді.

Р.Бақытжанқызы      

Тақырып бойынша материалдар

ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
13:11, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...
13:10, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...