ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

ҚИЯР ӨСІРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ

13:50, 16 қазан 2020

Қазығұрт ауданында  сауда орындарында қияр бағасы арзандап келеді. Қыс пен көктемде таңсыққа айналатын көкөніс орталық базарлармен дүкендерде саудалануда. Жігірген ауылындағы қияр өсіретін жылыжай туралы тілшіміз толықтырып айтады.

Жабық кешен тамшылатып суару әдісімен автоматтандырылған жүйеге қосылған. Ерте көктемде отырғызылған көшеттер бүгінде жемісін беріп жатыр. Жылыжайдан күніне 2-3 тонна өнім жиналып, ауданның сауда орындарына жіберілуде. Сонымен қатар кәсіпкер жылыжайдың арқасында отбасы мүшелерін де жұмыспен қамтып отырмын»,-   дейді.
Ермахан Төлеметов - Мамыр бірлестігінің төрағасы
Жылыжай кешенінің аумағы 40 соттықты құрайды. Қысы-жазы 22 градус жылы температура сақталады. Жылыжайда ТМД елдеріне кең тараған қиярдың мономах тұқымы егіледі. Тұқым себілгеннен кейін, 45 күнде алғашқы өнімін бере бастайды.
Жандар Себаев  - Жігірген ауыл округінің жер маманы
Жылыжайларды дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігіне мұндағылар көз жеткізіп отыр. Аудан көлемінде жылы жай көлемі жыл сайын ұлғайып 162,05 гектарға жетті. 
Ә. Дәулетбекқызы                                                                                     

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...