ШҰҒЫЛ! 284 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК 42 500 ТЕҢГЕДЕН АЛДЫ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫ ДАМЫТУ КЕРЕК

15:53, 6 наурыз 2020

Патриотизмді дамыту үшін елді алдымен әлеуметтік жағынан жаңғырту керек. Бұл туралы Облыстық жастар ресурстық орталығында өткен «Ұлттық кеңестің аймақтық аспектілері. Мақсаты. Бағыты. Шешу жолдары» атты дөңгелек үстелде айтылды. Жиында бейбіт минтингілер өткізу жайы заң жобасы, қоғамдық институттарды одан әрі дамытудың өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өңірлерде сараптамалық талқылаулар өткізудің маңыздылығына тоқталды. Қоғамның барлық топтарының қатысуынсыз, жергілікті халықтың пікірін және өңірлердің ерекшелігін ескермей, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» атты тұжырымдаманы толық түсініп, сапалы жүзеге асыру мүмкін еместігін атап өтті. Ал, Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық аспектілерін одан әрі жаңғырту мен трансформациялау үшін мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасында табысты диалог қажет екенін жеткізді. Іс-шараға жергілікті мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сенім Ұлттық кеңесінің мүшелері ғалымдар, журналистер мен студент жастар қатысты. Жиын соңында бірқатар өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар әзірленді.

Ерлан Саиров -  Еуразиялық интеграция институтының директоры

Біздің жастарымызды Қазақстандық патриотизм тұрғысынан және Қазақстандық өзін-өзі сезіну мәселелерін жастармен талқылау. Бүгінгі күні жан-жқта, аймақтарда Қазақстандық өзін-зі сезіну, қазақстандық патриотизм мәселесі өзекті болып келе жатыр. Түркістан жұртшылығымен осы екі мәселені жан-жақты талқылаймыз.

М.ӘСЕМБЕК                                                                            

Тақырып бойынша материалдар

ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР  БАЛАЛАРҒА ТАРТУ ЖАСАДЫ
13:26, 1 маусым 2020
ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР БАЛАЛАРҒА ТАРТУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...