ШҰҒЫЛ! ТҮЛКІБАСТА 6000 ДАНА БЕТПЕРДЕ ТАРАТЫЛДЫ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

13:52, 11 ақпан 2020

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Сайрам ауданында қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға 9 тұрғын келіп, талап-тілектерін айтты. Олардың басым бөлігі жер және үй мәселесін қозғады. Шымкент қаласындағы Түркістан облысы әкімдігінің өкілдерінде де «Ашық есік күні» қоғамдық қабылдауы өтті. Сайрам, Қазығұрт, Төлеби Сарыағаш, Келес, Ордабасы, Түлкібас және өзге де аудан, қалалардың тұрғындары келіп, өтініштері мен талаптарын айтты.

Ақбұлақ ауылының тұрғыны Мараимова алимент өндіру мәселесін қозғай келіпті. Оған аудандық прокуратура және соттың өкілдері заң аясында жауап берді. Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары бұл мәселені назарда ұстау керектігін айтты. Ал, Қасымбек датқа ауылының тұрғыны Төлендиев тұрғын үй салуға көмек сұрай келіпті. Бүгінде Сайрам ауданында 17 мың адам жер кезегінде тұр. 2013 жылдан бері жер беру тоқтатылған. Себебі, тапшы. Ал үй кезегінде 1700-ден астам адам тіркелген. Алдағы уақытта Қарасу ауылында 300 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйлер салынады деп күтілуде. Қабылдауда жер, көгілдір отын сияқты бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Тұрғындардың өтініштері хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды. Қоғамдық қабылдаудан кейін Қарамұрт ауылындағы аз қамтамасыз етілген отбасыға келіп, тиісті көмек көрсетті. 5 перзентті жалғыз өзі тәрбиелеп отырған анаға «Қамқорлық» бағдарламасының мақсатын түсіндіріп, партияның «Бақытты отбасы» жобасының жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ осы күні Қарамұрт ауылындағы тағы 2 отбасыға да азық-түлік беріліп, тиісті қолдау жасалды.

Бейсенбай Тәжібаев - «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Шымкент қаласындағы Түркістан облысы әкімдігінің өкілдерінде де «Ашық есік күні» қоғамдық қабылдауы өтті. «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы ұйымдастырған қабылдауға Сайрам, Қазығұрт, Төлеби Сарыағаш, Келес, Ордабасы, Түлкібас және өзге де аудан, қалалардың тұрғындары келіп, өтініштері мен талаптарын айтты. Оларды облыс әкімдігіне қарасты 23 басқарманың басшылары мен орынбасарлары, Түркістан облысының полиция департаменті мен «Ырыс» микроқаржы ұйымының жауапты өкілдері қабылдады. Қоғамдық қабылдауда 100-ден астам тұрғынның өтініштері мен шағымдары тыңдалды. Олардың арасында атаулы әлеуметтік көмек алу, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке грант алу, жер мен баспана кезегі, білім, медицина, инфрақұрылымға қатысты өтініштер көп болды. Осы арқылы өңірде қандай салада мәселе көп екені анықталды.,

Ә. Дәулетбекқызы                                         

Тақырып бойынша материалдар

ТҮЛКІБАСТА 6000 ДАНА БЕТПЕРДЕ ТАРАТЫЛДЫ
18:37, 27 наурыз 2020
ТҮЛКІБАСТА 6000 ДАНА БЕТПЕРДЕ ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шымкентте бір адамнан коронавирус анықталды
01:01, 25 наурыз 2020
Шымкентте бір адамнан коронавирус анықталды
Толығырақ...
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қала тұрғындарына мәлімдемесі
09:23, 26 наурыз 2020
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қала тұрғындарына м...
Толығырақ...