ШҰҒЫЛ! ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

12:25, 1 қазан 2019

«100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында республика аумағында қоғамдық кеңестер құрылған болатын. Бүгінде елімізде жалпы 229 ұйым бар. Ал, Шымкент қаласының қоғамдық кеңесі тағы 25 мүшемен толығуда. Бұл құрамда дін, денсаулық сақтау, білім, кәсіпкерлік, өнер саласындағы мамандар бар.

Шымкент қаласының қоғамдық кеңесі ағымдағы жылдың 29 наурызында құрылған болатын. Содан бері ұйымның 7 мәжілісі өтті. Оның 6-ауында тиісті басармалар мен департаменттердің есебі тыңдалған. Сондай-ақ, түйіткілді тақырыптарды шешу мақсатында әкімдік аппаратына ұсыныс жолданған.

Нұрғазы Бұқарбай - Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы

Бүгінге дейін кеңес отырысында 23 нормативтік құқықтық актілер мен жобалар қаралған. 14 мәселе бойынша кеңесіп, 40 –тан аса ұсыныс айтылған. Бүгінде олардың барлығы бақылауда.

Нұрғазы Бұқарбай - Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы

Кеңестің ең алғашқы отырысында қаламыздағы жастар мәслихатын құру туралы шешім қабылданды. Бүгінгі таңда «Жастар мәслихататы» құрамына 29 депутат сайланып, өз жұмысын бастап кетті.

Д. Өмірзақова            

Тақырып бойынша материалдар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
19:44, 22 қараша 2019
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар