ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП – БАРШАҒА ОРТАҚ! Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАҚСАРЫП, ТИІМДІЛІГІ АРТАДЫ

18:21, 29 мамыр 2020

Шымкенттегі қоғамдық көлік жүйесіне өзгерістер енгізу бойынша баспасөз жиыны өтті. Онда қала әкімінің орынбасыра Мақсұт Исахов саланы модернизациялау бойынша жасалған тұжырымдамасын таныстырды. Жаңа жүйе бойынша қоғамдық көліктердің жұмысы жақсарып, тиімділігі артады деп күтілуде.

Мегаполисте қоғамдық көлік қатынасын реттеу кезек күттірмейді.  Қарбалас сәтте жолаушыға таласып жарысу, аялдамаға тоқтамай кету. Бір көршемен бірнеше автобустың жүруі. Кешкі уақта тоқтап қалу. Міне қала әкімдігі жасап шыққан жаңа тұжырымдама осы олқылықтарды жоюға бағытталған. Бұл үшін қыруар жұмыс атқарылды. Зерттеу жүргізіліп, көпшіліктің жан айқайы ескерілді, дейді  Шымкент қаласы әкімінің орынбасыра Мақсұт Исахов.

Мақсұт Исахов - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

Айта кетейік, жаңа жүйе де қоғамдық көліктердің бағыттары бойынша біршама өзгерістер бар. Автобустардың бір бағытта қосарланып жүруі жиі  кездесетін көрінеді. Жаңа жүйе осы олқылықтардың орнын толтырып, кейбір бағыттар қысқарып,  жаңа бағыттар ашылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар газел автокөліктері 211-ден 25 ке азаяды. Өз кезегінде жаңа жүйе автобус  рейсінің уақыты қысқарып,  қоғамдық көлікті күту мәлесі де шешімін табады деп күтілуде.

Мақсұт Исахов - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

Сондай-ақ, жоба жүзеге асса, қоғамдық көліктерді мобильді қосымша арқылы бақылауға болады. Жол ақысын электронды төлеуге мүмкіндік туады. Жаңа бағыттар ашылады, цифрлық және интеллектуалдық жүйе енгізіледі. Өз көзегінде бұл жаңашылдық  табысын жасырып отыратындардың жолын кеседі.

Мақсұт Исахов - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

Енді жүргізушілер арнайы курстардан өтіп, кондукторлардың қызметі қатаң тексерілетін болады. Сондай-ақ диспетчерлеу арқылы автобус арасындағы жиілік сақталып, аялдамаға тоқтамайтын жүргізушілер қадағаланады.  Бұдан бөлек, сауда орталықтары мен мектеп және басқа да адам көп шоғырланатын аялдамалар реттеліп, шағынаудандарға қатынау жеңілдемек.

Нұрсұлтан Әбдірашит                                                  

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТКЕ  ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
16:53, 16 шілде 2020
ШЫМКЕНТКЕ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
22 ТҮРЛІ 128 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАҒА ТҮСЕДІ
12:32, 16 шілде 2020
22 ТҮРЛІ 128 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАҒА ТҮСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
17:05, 10 шілде 2020
БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
Толығырақ...
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН  ЕСКЕ АЛДЫ
19:19, 13 шілде 2020
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛД...
Толығырақ...