ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕГЕ БАСА МӘН БЕРГЕН ЖОЛДАУ

14:09, 4 қыркүйек 2019

Жолдауда халықты шын мәнінде толғандырған мәселелер айтылса, жолдау өз миссиясын орындағаны. Бұл сала мамандарының бір арнаға тоғысқан ортақ пікірі. Елдің алдағы даму жоспарын айқындап берген жолдауды қоғам мүшелері қалай қабылдады? Пікірге назар аударсақ.

Қазақ қашанда өз баласынының қамын жеген. Ата заңымызда да мемлекеттің басты байлығы адам және оның қауіпсіздігі екендігі тайға таңба басқандай көрсетілген. Өкініштісі, соңғы уақытта жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылық әрекеттер тиылмай тұр. Енді, осы олқылықтың орны толады.  Парламент қабырғасында  осы мәселені талай рет көтерген бұрынғы мәжілісмен үшін бұл кешіксе де нақты шешімін тапқан мәселе болып тұр. .  

Шалатай Мырзахметов – Қоғам қайраткері, Түркістан облысының «Құрметті азаматы»  

«Педофилдерге қарсы заңды күшейту керек» деп тапсырма бергені өте мықты нәрсе деп айтамын. Мен енді мәжілісте жұмыс істеген азаматпын. Н.Сабилянов екеуміз бірнеше рет көтердік «керек болса өлім жазасының өзін педофилдерге қалдырайықшы»,- деп. Бірақ көпшілік азшылықты жеңіп кетті. Осыны көтергені өте орынды.

Бұл жолғы жолдау биліктің халыққа жақындағанын көрсетті дейді журналист Абай Балажан. Себебі, жалғыз жүріп ел де, билік те ұтпайды деп есептейді. Сол себепті, «жолдаудың тың жоспар түзуден, қоғамдық мәселеге үңілгені қуантты»,- деп отыр.

Абай Балажан – «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы

-Билік пен халықтың арасы алшақтап кетіп еді ғой. Біз жасырғанменен құдай көріп тұр. Жасыратын ештеңесі жоқ. Осы соңғы кездері биліктің халыққа жақындағысы келетіні байқалады. Өйткені билік бір бөлек, халық бір бөлек ештеңе ұтпайтынын көрдік. Ханымен қарашасы, билігі мен бұхарасы біріккен жерде, ол мемлекет үлкен әлеуетті елге айналады.

Бірлігіміз ажырамаса, ата-аналар алаңдамаса, қауіпсіздігіміз берік, сәбилердің ұйқысы тыныш болса халыққа қажеті де осы. Бұл  мәселенің бәрі көп ұзамай шешілетініне кәміл сенеміз. Өйткені жолдау қорытындысында ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы «уәделерімді міндетті түрде орындаймын» деп кесіп айтты.

Р.Бақытжанқызы                                           

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар