ШҰҒЫЛ! БАДАМ ӨЗЕНІНЕН ЖАСӨСПІРІМ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ

16:45, 14 қаңтар 2020

«Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың 7 қыры». Елбасы айтқан ұлттық рухты дамыту идеясы өңірде қалай жүзеге асып жатыр? М. Әуезов атындағы ОҚМУ-де өткен семинар кеңесте салаға жауаптылар барды бағамдап, жоқты түгендеді. Жалпы «Қоғамдық сананы жаңғырту» кеңсесі құрылған 9 айда Шымкентте 700-ге тарта іс-шара ұйымдастырылған.

Күллі жер жүзі көз алдымызда өзгеріп жатыр. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. 21 ғасырдағы ұлттық сана. Дүбір дүниеде сананы жаңғыртып, таптаурын қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен терезе теңестіру әсте мүмкін емес еді. Бағыт айқын. Бағдарлама белгілі. Не өзгерді? Нәтиже қандай?

Зәуре Оралбаева  – Шымкент қалалық «Қоғамдық сананы жаңғырту» кеңсесінің жетекшісі

Жақында ғана мемлекет басшысы Тоқаев айтқан еді. Біздің негізгі мақсатымыз өткеннен қол үзу емес, Рухани жаңғыру.

Алқалы мәжіліске өңірдегі Жоғары оқу орындарының білгір ғалымдары қатысты. Олар «Ұлы даланың жеті қырына» арналған байламды баяндамаларын оқыды.

Қайрат Анарбаев   – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

Туған жер бағдарламасы арқылы жастарды тарихи жерлерге саяхат жасату керек...

Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс - біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңына көміліп қала береді. Осыны ескергенде М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нен «Елбасытану» және «Мұхтартану» ғылыми зерттеу орталықтарын ашты. Нәтиже жаман емес. Айтпақшы, «Жаңа гуманитарлық білім: 100 жаңа оқулық» бағдарламасы бойынша 130 млн. теңге бөлінді.  Бұл қаржыға шедеврлердің шығармалары аударылып, жаңа оқулықтар басылып шығарылады. Сөйтіп олар оқу бағдарламасына енгізілмек

Тақырып бойынша материалдар

ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТІ МӘРМӘРМЕН  ҚАПТАЛУДА
16:49, 2 маусым 2020
ҮЙЛЕРДІҢ ҚАСБЕТІ МӘРМӘРМЕН ҚАПТАЛУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...
ПЕДАГОГ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ
13:20, 1 маусым 2020
ПЕДАГОГ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ
Толығырақ...