ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

КӨКБҰЛАҚ ПЕН ИГІЛІК ШАҒЫНАУДАНДАРЫНА ЖАҢА АВТОБУСТАР ЖҮРУДЕ

17:52, 14 тамыз 2019

Шымкенттегі Көкбұлақ, Игілік шағынауданы тұрғындарының қала әкіміне жасаған өтініштері қанағаттандырылды. Бұл - шаһар басшысы Ерлан Айтахановтың осы елдімекендерге арнайы барғанында көтерілген мәселе болатын. Тұрғындар талабын қала басшысы да тез шешуді қолға алған. Араға 10 күн салып, әкімнің халыққа берген уәдесі негізінде N180 автобус бағыты ашылды.

Ерлан Айтаханов алғашқы жұмыс сапарында қаланың шет жағында орналасқан шағынаудан тұрғындарының мәселесін тыңдаған. Сол кездесуде Көкбұлақ, Игілік шағынауданың  халқы қоғамдық көлік мәселесін қағажу көріп отырғандарын айтқан болатын. Шаһар басшысы  бұл мәселені шешуге уәде   еткен-ді. Енді міне, аталған шағынаудандарға N180 бағытта жаңа автобустар жүруде. Тұрғындар мәселені жедел шешкені үшін қала әкімі Ерлан Қуанышұлына   алғыстарын  айтуда.

 Бибісара Балашова – Шымкент қаласының тұрғыны

Мейрамгүл Насырова – Көкбұлақ шағынауданының тұрғыны. 5 жылдан бері елдімекеннен қалаға қатынау мұң болған. Шағын автобусқа сыймай қалып қойғандар таксимен қатынайтын. Енді міне, жаңа автобус жүріп, қуанышы артып отыр.

Мейрамгүл Насырова – Шымкент қаласының тұрғыны

 Жаңаталап ауылы арқылы жүріп өтетін бұл автобусқа қала ішінен мінетін жолаушылар көп. Олар осы ауылға да басқа бағыттағы автобус қатынатып, аялдамалар қажеттігін алға тартып отыр. Игілікті іске ұйытқы болған қала басшысының  бұл мәселені де кезек күттірмей шешетініне сенімді.

Әбдірашит Боранқұлов – Шымкент қаласының тұрғыны

 Автобустың жиілігі 5-10 минут аралығында. Әзірге 10 шақтысы қатынауда. Ал оқу жылы басталғанда  оның  саны екі есеге артпақ.

Болат Сатқұлов – автобус жүргізушісі

 Қазір қалада 138, 158, 45, 96, 16, 10 және 113 бағыттар бойынша да жаңа автобустар жолаушылар тасымалдауда. Әлеуметтік маңызды 10 бағытқа жаңа қоғамдық көліктер жүре бастады. №180-ші автобус солардың бірі. Әкімнің  уәдеде тұрып, мәселені шешкені   – халық сенімін арттырып,  билікпен арадағы  байланысты одан әрі   нығайта түсері  түсері анық.   

П.Биназарқызы  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...