ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

«КӨКБҰЛАҚ»ТҰРҒЫН АЛАБЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

19:01, 20 қараша 2020

Шымкенттегі Көкбұлақ ауылының тұрғындары жаңа жылға дейін сапалы ауыз сумен қамтылатын болды. Шалғайдағы шағынауданда жүріп жатқан құрылыс бүгінде аяқталуға жақын. Құрылыс қала әкімінің тікелей бақылауында тұр.Осы орайда, жобаға енбей қалған 63 үйдің жағдайы жайында әріптесім Гүлнар Асқарқызы біліп қайтқан болатын.

Тіршілік нәрінен тарыққан көкбұлақтықтар осы уақытқа дейін ұңғыма суын тұтынып келген. Қайнатып ішпесе, ішті ауыртатын судан әсіресе, жаздың күні кішкентай балалар көп зардап шегетін еді дейді тұрғындар.

Зилолахан Жораева  – Көкбұлақ тұрғын алабының тұрғыны 4096  00:48 – 01:11

Ағымдағы жылдың мамыр айында алабқа таза ауыз су құбыры тартыла бастады. Жұмыс жыл аяғына дейін белгіленген. Осы орайда жобаға енбей қалған 63 үйдің алдымен 48-іне өз қаражаттарынан құбыр тартқан мердігер мекеме, кейін 15 үйді аудан әкімінің өтініші бойынша қосыпты. Бүгінде бас-аяғы 612 үй таза ауыз сумен қамтылуда.

Нұралы Әмірешов  –   «Сарыағаш-Аман» ЖШС өкілі 4097 01:10-01:36

КСМ: Таяуда тұрғын алабқа таза ауыз сумен қатар интернет желісі де қосылатын болды. Бұл туралы тұрғындармен кездескен Абай ауданының әкімі Бұхарбай Пармановпен цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов мәлімдеді. Бүгінде бұл аумаққа базалық станция орнатылған.

Бұхарбай Парманов – Абай ауданының әкімі 4102  01:06 – 01:55

Осыдан алты жыл бұрын Ордабасы ауданының аумағынан қалаға қосылған Көкбұлақ елдімекенінде 600-ден астам жанұя тұрып жатыр. Келер жылы мұндағы көгілдір отын мен жаңа құрылыстағы 100 үйдің жарық мәселесі шешілсе, шалғайдағы шағынаудан жолдарын асфальттау да жоспарда бар дейді аудан әкімі Бұхарбай Парманов.    

. Г.Асқарқызы     

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар