ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

ҚОҚЫСҚА КӨМІЛГЕН ҚАРАБҰЛАҚТЫҚТАРДЫҢ ЖАН-АЙҚАЙЫ

11:33, 15 наурыз 2019

«Ашық қоқыс полигонынан ауру таралып, ауылда мүгедек балалар саны артқан». Осылай деп дабыл қаққан қарабұлақтық бір топ ағайын арнамызға арызданып келді. Айтуларынша, жергілікті әкімдік полигонды басқа аймаққа көшіруге құлықсыз. Себебі неде?

Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты мына жерлердің иелері бар. Бірақ, бір кездері бұл жерге тұрғындар  қоқыс тастап жүрген. Әу бастан-ақ, күл-қоқыстың отаны болып, қараусыз қалған жерге 2014 жылы облыстық құрылыс басқармасы арнайы қоқыс полигон салу жұмыстарын бастайды. Ол үшін арнайы конкурстың жеңімпазы «Шұғыла 2000» ЖШС-не анықталып, 46 млн тенге қаралады. Бүгінгі даудың басы осы кезден басталған.   

Артық Халжалиев – Қарабұлақ ауылдық округінің тұрғыны

-Адамдардан ауру шығып жатыр. Жара тасып жатыр. Мүгедек балалар пайда болды. Ертең ұрпағымыз не болады? 41 жылы фашистер адамдарды түтінмен тұншықтырып өлтірген. Мынау елдімекен ба? Мынау мектеп па? Конслагерь ма? Не деген сұмдық? Комиссиялар да сыбайлас.

Полигонның қоқыс алаңы 2 гектарды құрайды. Онда санитарлық норма сақталды деуге келмейді,- деген тұрғындар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жеріне еркін кіріп шығудан да қалыпты.

 Әбдісамат Әбдуәлі - Қарабұлақ ауылдық округінің тұрғыны

-Көктемгі дала жұмыстарына кірісейін десем полигонның иесі есікті жауып қояды. Кірген техникалар шығы алмай, шыққаны қайта кіре алмай отыр.

Рабиға Бақытжанқызы – Тілші

-Аумағы 6 жарым гектарды құрайтын полигонға Сайрам ауданына қарасты 11 ауылдық округінен шыққан қоқыс келеді. Алайда жергілікті халық полигон жұмысына наразы. «Себебі, өртенген қоқыстың иісі қолғаңды алып, ауру таратып жатыр дейді»,- тұрғындар. Бұл мәселені айтып баспаған тауы, бармаған жері қалмаған. Алайда әкімдіктегілер нәтиже шығарар емес.

Абдигапур Абдукадиров – Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі

-Ол жерден эпидемия тарамайды. Сол үшін де мусорный полигон ашып отырмыз. Эпидемия қай жерден тарайды? Эпидемия стихинный жерден тарайды. Малдың ішек-қарны мен малдың басын далаға тастағаннан тарайды.

 Ауыл әкімі бұған дейін Қарабұлақтағы малдардың өлекселерінен эпидемия тарағанын жасырмай, айтып қалды. Полигон салу ісінде де кемшіліктің барын мойындайды. Мәселен, қатты тұрмыстық қалдық тастайтын орын мен елдімекен, мектептің арақашықтығы бұған тым жақын болыпты. Бұл олқылықты орнын тұрғындар айқайымен ретке келтіріпті. Сол аумақтан салынған тұрғын үйлер де заңсыз салынған екен.

БЕКЗАТ ШАМАМЕДОВ – «ТАЗА АУЫЛ» МКК ДИРЕКТОРЫ  

-Өткенде бізге инвестор келді. Ертең 2-3 күнде сым тартамыз. Президент тапсырмасына сәйкес қайта өңдеу орнатыңдар деп жатыр. Халықты жұмыспен қамтыңдар деп жатыр. 3 скала соғып, сортировка мен переработка болады.

Тазалыққа жауапты мамандардың айтуынша, қоқысты тұрғындар комиссия мен телеарналар келерде қасақана өртеп кететін көрінеді. «Әйтпесе біз қалдықты өртемейміз»,- дейді. Ал, тұрғындар болса 50 мың тұрғын  қоныстанған, көп балалы отбасы көп ауылдың ортасына полигон салуға үзілді-кесілді қарсы. Бұған дейін Президент аппаратынан бастап бірнеше құзырлы органға шағымданған олар, енді Түркістан облысының әкімінен араша сұрайды.

Артық Халжалиев – Қарабұлақ ауылдық округінің тұрғыны

-Шөкеевтен сұраймыз. Полигонды адамы жоқ жерге көшіріп берсін. Мына жерде сапалы өмір сүрейік.

Айта кетейік, облыс көлемінде 1-ші наурыз «Алғыс айту» және Ұлыстың ұлы күнінде 9 күндік мерекелік шаралар бекітіліп, арнайы тазалық күндері өтуде. Алайда, облыс әкімінің бұл тапсырмасын орындауға Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Абдигапур Абдукадиров пысқырып та қарамайтын сыңайлы. Енді бұл мәселені аудан әкімі Бақтияр Мамаев назарға алып, мәселені реттемесе болмайтын сыңайлы. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев елдімекендердің тазалағына баса мән беріп жатқаны белгілі. Алайда бұл тапсырманы орындауға Сайрам ауданы құлықсыздық танытып отырғаны байқалады. Бүгінде Қарабұлақтың сыйқы сын көтермей, санитарлық жағдай талапқа сай келмей тұр.

Рабиға Бақытжанқызы                                             

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛУДЕ
16:57, 26 наурыз 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
12:21, 20 наурыз 2019
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
Толығырақ...
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
21:34, 19 наурыз 2019
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫН ТҮРКІСТАННАН БАСТАДЫ
13:03, 23 наурыз 2019
ПРЕЗИДЕНТ Қ.ТОҚАЕВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС САПАРЫН ТҮРКІСТАННАН БАСТАД...
Толығырақ...