ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

КӨЛ ТАБАНЫН АСАРЛАТЫП ТАЗАЛАУДА

14:02, 16 қазан 2020

Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылының тұрғындары тағы бір тың бастаманы қолға алды. Елдің еңбекқор жұрты ауыл іргесіндегі көл табанын тазалауға кірісті. Халықтың көп қоныстануы мен тұрмыстық қалдықтардың төгілуінен мұндағы бұлақ көздері жабылған. Соның әсерінен су тартылып, орны тек ұйысқан батпаққа айналған. Бұлақтың көптігінен Қарабұлақ аталған ауыл тұрғындары қазір осы қиындықты жеңу үшін асарлата іс атқаруда.

Көнекөздердің айтуынша мына ұйысқан батпақ астындағы көл табаныда 80 – нен астам бұлақ көзі бар екен.  Ертеректе бүкіл Қарабұлақ пен оған іргелес ауылдар осы бұлақ суын пайдаланған. Алайда мұндағы тұрғындар санының артуы мен түрлі қоқыстардың салдарынан  бұлақ көздері бітеліп, табаны мынадай батпаққа айналған.  Дегенмен,   ауыл тұрғындары  осы мәселені шешу үшін асарлата іс атқарып жатыр.
МАМУРЖАН  ШАДИЕВ -  ҚАРАБҰЛАҚ  АУЫЛ  ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Бұлақ басы мен көл орны  ешққандай мемлекеттік меншікте болмағандықтан оған қаржы қаралмаған. Сондықтан, оның барлық шығынын ауыл азаматтары бөлісе көтеруде.  Тұрғындардың негізгі мақсаты,  көл табанын тезірек тазалау. Сол үшін  мұнда ауыл азаматтарынан құралған топ жұмыс атқаруда.
ТӘЖІТАЙ ӘЛІМЖАНОВ  АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
МҰХТАР АТАБЕК – ТІЛШІ
Жалпы аумағы 5 гектар келетін көл табаны толық тазаланған тұста оның жиектеріндегі үш арыққа да су толмақ.    Сондай –ақ, тұрғындар  бұл жерді келешекте арнайы демалыс орнына да айналдырамыз дейді.  Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков те бұл жерге арнайы келіп танысқан екен. Ауыл тұрғындарының бұл ұсынысы аудан басшысы тарапынан қолдау тауып, ол мақсаттар келешете жүзеге асырылмақ.   

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...