ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

КӨЛІК САЛЫҒЫН ТӨЛЕДІҢІЗ БЕ?

18:25, 16 қазан 2020

Көлік салығын төледіңіз бе? Өйтпеген жағдайда салық комитетінің қызметкерлері темір тұлпарыңызды күре жолдан тоқтатады. Себебі, салық берешегін өндіру апталығы басталды.

Темір тұлпарыңыз темір торға тоғытылғанын қаламасаңыз. Берешегіңізді берген жөн. Мемлекеттік кірістер департаментінің бастамасымен жеке сот орындаушыларымен түзген мемаранумға сәйкес рейдтік шара басталды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 5 күнде 318  көлік иелерінен 6.5 млн. теңгеден асатын сомма бюджетке өндірілген. Олардың арасында 9 көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды.
Бауыржан Омартаев  - Шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы
Көлік салығын төлеу үшін тиісті мекеменің табалдырығын тоздырудың керегі жоқ. Себебі, ата смартфон арқылы онлайн төлем жүргізуге болады. Салықтан жалтарғандар назардан тыс қалмайды, дейді жауаптылар
Рахима Аллеева - Шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы/ АУДАРМА
Салықтан түскен қаржы мемлекеттің әлеуетін арттырады.  Сондықтан ортақ міндетке бір кісідей ат салысқан абзал. Естеріңізге сала кетейік, көлік  салығын төлеу мерзімі 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлеп үлгерсеңіз, рақымшылыққа ілінесіз
Ө.Мырзабеков                                                                         

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...