ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

КӨЛІК ТІЗГІНДЕГЕНДЕ САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІН АЛЫП ЖҮРУДІҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ

12:03, 3 қаңтар 2019

1 қаңтардан бастап сақтандыру полисін алып жүрудің қажеті жоқ. Аталған құжатты үнемі алып жүріп, керек болғанда тәртіп сақшыларына көрсетуге міндеттейтін тармақ ҚР жол қозғалысы ережелерінен алынып тасталды.

 Сақтандыру келісімшартына отыру әлі де міндетті. Десе де, ендігәрі қағаз полисті алып жүрудің қажеті жоқ. Ал көліктің сақтандырылғаны жайлы мәліметті тәртіп сақшылары электронды деректер базасынан алатын болады. Егер ғаламторға қосылуға мүмкіндік болмаса, телефонның не рацияның көмегімен кезекші бөлімге хабарласып, ондағы әріптестерінің көмегіне жүгінеді. Азаматтардан қағазға басылған полисті сұрауға полицейлердің құқығы жоқ. Тәртіп сақшысы тоқтатқан жағдайда, көлік тізгініндегі азамат жүргізуші куәлігін не уақытша куәлікті, техникалық төлқұжатты, ал қажет болған жағдайда — жол парағын, алып жүрген жүктің құжаттарын көрсетуі тиіс. Әкімшілік кодекстегі қағаз сақтандыру полисінсіз көлікті басқарғаны үшін айыппұл салынатыны туралы бөлік күшін жойды.

Тақырып бойынша материалдар

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
12:30, 18 шілде 2019
ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Толығырақ...
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
12:28, 18 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
14:23, 12 шілде 2019
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...