ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ ҚЫСҚА ДАЙЫН БА?

12:34, 20 қараша 2020

Алғашқы қырбық қар мен сарышұнақ аяз Шымкенттік жүргізушілер үшін оңай болмағаны анық. Таң ертең тоңған көлігі оталмай әлекке түссе енді бірі доңғалағын алмастырып әлек. Жалпы темір тұлпар тізгіндеген тәжірибелі жүргізушілер маусымға алдын-ала дайындық жүргізген жөн деп санайды.Сонда көлік жөндеу орталықтарында ұзын сонар кезек те болмайды. Бұның барлығы өз саулығыңыз үшін қажет.

Жүргізушілер апта басынан бері темір тұлпарының дөңгелектерін қысқы түріне алмастырып,сақтық шараларына кірісе бастағанын байқадық. Жазғы дөңгелекпен желтоқсан айына дейін жүруге болады. Одан әрі жауапқа тартыласыз. Дегенмен мамандар көлік иелеріне ерте бастан қамдануға кеңес береді.  

Берік Құралбайұлы – көлік жөндеуші

Құзырлы орган өкілдері көлік жүргізушілеріне ауа-райының құбылмалы болуына байланысты доңғалақтарын маусымды күтпей алмастырып алғандары жақсы деп отыр. Өйткені жаз маусымына есептелген резеңкелер көк тайғақта көліктің жүріп тұруын қиындатады. Бұл соңында жол оқиғасына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан сақтық шараларын ескерген жөн дейді мамандар. 

Серік Түсіпов - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары  Қысқы кезең үшін маңызды факторлардың бірі -  көлік құралдарын жұмыс жағдайына дайындау. Егер біз негізгі мәселелер туралы айтатын болсақ, бұл жазғы дөңгелектерді қысқы дөңгелектерге уақытылы ауыстыру, қысқы дөңгелектерді уақытында орнату өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл автомобильдің басқару және көліктің жүру қауіпсіздігіне оң әсер етеді. Ал қысқы шинаның түрін таңдайтын кезде әр аймақтың климаттық жағдайына ерекше назар аудару қажет.

Мәселен, Шымкентте қысқы дөңгелектің  бағасы орта есеппен 15-30 мың аралығында. Егер қалтаңыз көтерсе, шетелдік түрін екі есеге қымбат бағада аласыз. Көлікті қысқа қамдау 100 мың теңге көлемінде болады. Темір тұлпарларын қыс мезгіліне дайындап үлгерген тұрғындармен тілдесіп көрдік.
Блиц-сауалнама: көлік жүргізушілері

 

Ернұр Бөбеев – тілші

Дөңгелектермен қоса темір тұлпардың жылыту жүйесі мен қозғалтқыш майының жарамдылығына аса мән берген жөн. Сондай-ақ, сыртқы жарықтандыру құрылғыларын тексеріп, қыс алдында аккумулятор батареясын ауыстыру қажет. Алыс сапарға шыққан жүргізушілерге суық мезгілде жолда қалмау үшін жағармайдың қысқы сапалы түрін құйған дұрыс, ал қысқы дөңгелектерге алмастырып үлгермеген жүргізушілер алыс сапарға шығудан бас тартқаны абзал.

Ернұр Бөбеев                                                                     

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар