ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

ҚОЛКҮРЕСІ МЕН ГІР ТАСЫН КӨТЕРУДЕН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР

11:44, 12 қыркүйек 2019

Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалармен жасөспірімдер спорт мектебі және Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен қол күресі және гір тасын көтеру спортынан ашық біріншілік өтті. Сайыс Қамытбек Айтөреевті еске алуға арналды.Аталмыш додаға облысымыздың түкпір-түкпірінен келген атлеттер 12 салмақ дәрежесінде сыңға түсіп жарыстың көркін қыздырды.

Шардара қол күресімен гір тасын көтеру спортынан облысымыздың алдыңғы қатарында екендігіне ешкім шүбә келтіре қоаймас. Әсіресе қол күресінен бұл мекенді дүйім жұрт біледі. Қамытбек Айтөреевті еске алуға арналған турнирге облысымыздың барлық аудандарынан келген спортшылар жарыстың қызықты әрі тартысты өтуіне ат салысты. Сондай-ақ, аудан спортының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген жаттықтырушылармен спорт саңлақтарын аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев марапаттап бағалы сыйлықтар табыс етті.

Сейфулла Нұрқалықов – Аға жаттықтырушы

Бұл жарысқа тыңғылықты дайындық пен келген Абзал Пірімбетов жүлдесіз қайтпаймын дейді. Екі жылдан бері спортты жанына серік еткен атлет  талай додаларда жүлделі орындарға қол жеткізген.

 Абзал Пірімбетов – жарысқа қатысушы

Жарыс қортындысы бойынша командалық есепте алғашқы орыннан Шардара құрама командасы көрінді. Екінші орынға Мақтарал ауданы қол жеткізді. Үздік үштікті Сарыағаш ауданынан келген спортшылар  қанжығаларына байлады. Жарысқа қатысқан барша спортшыларды аудан әкімінің марапаттымен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Нұрсұлтан   Әбдірашит                

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА МАМАНДАР ҚАЖЕТ
21:24, 20 қыркүйек 2019
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА МАМАНДАР ҚАЖЕТ
Толығырақ...
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
21:16, 20 қыркүйек 2019
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
21:16, 20 қыркүйек 2019
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
Толығырақ...
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
12:47, 19 қыркүйек 2019
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
Толығырақ...