ШҰҒЫЛ! ӘКЕЛЕРГЕ АЙТЫҢЫЗ! Толығырақ

КОЛЛЕДЖДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІЛЕДІ

11:58, 7 маусым 2019

Түркістан жоғары аграрлық колледжі өңірдегі ауылшаруашылығы саласына маман дайындайтын бірден-бір базалық оқу орны болып саналады.Бүгінде оқу орнында 1664 жас білім алады. Теорияны тәжірибемен ұштастырған колледж ұжымы ауылшауашылық өнімдерін өздері өндіруге ден қойып отыр.

Түркістан жоғары аграрлық колледжінде студенттер ауыл шаруашылығы саласына қажетті 14 мамандық бойынша дәріс алады.Мұнда 11 оқу өндірістік шеберхана жұмыс істейді.Олар түгелдей дерлік ауыл шаруашылығына қажетті құрылғылармен қамтамасыз етілген.

Есенқазы Алтынбеков - Түркістан жоғары аграрлық колледжі  кафедрасының меңгерушісі

Қазаргі ауыл шаруашылығын механикаландырыу және электрмен қамтамасыз ететін мамандықтарға колледжде барлық жабдықтар түгел қамтылған. Берілген біліктілік бойыншаа студенттерге  теориялық және практикалық білім алуына жағдай жасалған.

Аграрлық колледжде тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы бойынша мамандар дайынду ісі жолға қойылған.Соған сай жастарды кәсіби шеберлікке баулу ісі кең өріс алып, өз жемісін беруде.

Байсерік Исабеков - Түркістан жоғары аграрлық колледжі директорының орынбасары

Біздің басқа жылыжайлардан артықшылығымыз жоғары сапалы экологиялық таза табиғи өнім өндіреміз.Бұл жерде «Биоконсто»көкөніс дақылдарын өндіреміз.Олардың зиянкестеріне қарсы өзімізден шығарылатын «Энто»аппараттарды береміз.

Колледждегі ерекшелік, мұнда кәсіби мамандар дайындалып қана қоймай түрлі ауыл шаруашылық өнімдері де өндіріледі. Оқу орнының өндіріс орталығында  сүт өнімдері өңделіп,жоғары сапалы сүт,ірімшік,қаймақ,айран шығарылады.Сондай-ақ көкөніс өнімдер де өндіріледі.

С.Құттыбайұлы                    

Тақырып бойынша материалдар

АГРО ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ШЫМКЕНТТЕ АШЫЛАДЫ
19:00, 12 қараша 2019
АГРО ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ШЫМКЕНТТЕ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖӘНІБЕКТІҢ  ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ТІКЕЛЕЙ  ЭФИРДЕН  КӨРСЕТІЛМЕК
16:15, 7 қараша 2019
ЖӘНІБЕКТІҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕН КӨРСЕТІЛМЕК
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...