ШҰҒЫЛ! ОНКОЛОГТАР ПЫШАҚСЫЗ ОТА ЖАСАУДА Толығырақ

КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

20:07, 27 қараша 2020

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №39 бұйрығына сәйкес азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Дербісов Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызметі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы департамент бастығы Нұрболат Бекболатұлын жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтады. Біз де жаңа басшының жұмысына табыс тілейміз

Нұрболат Дербісов төтенше жағдай қызметінде кіші және аға басшы құрамының түрлі лауазымдарда болып, мемлекеттік өрт бақылау инспекторынан бастап, Оңтүстік Қазақстан облысының ТЖ департаменті бастығының орынбасары, кейін осы департаменттің бастығы лауазымына дейін жетті. Жоғары патриоттық сезімі мен аянбай еткен еңбегінің  арқасында   арнайы «азаматтық қорғау подполковнигі»,  «азаматтық қорғау полковнигі» шендері мерзімінен бұрын берілген.Қала аумағында 2017 жылы «Мұнай өнімдері» ЖШС аумағында ірі өртті сөндіру барысында ерлігі мен адал қызметі үшін «Айбын» орденімен марапатталды. 2018 жылдан бастап Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымын атқарып келеді. Жергілікті атқарушы органдарымен тығыз байланыста жұмыс атқарып, өрт сөндіру қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға үлкен үлес қосқан.

Тақырып бойынша материалдар

19:26, 20 қаңтар 2021
ЖЕР КОДЕКСІНЕ ЖЕДЕЛ ТҮРДЕ ТИІСТІ ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗУ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ 12 АЙ ІШІНДЕ 654,2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
18:38, 20 қаңтар 2021
ШЫМКЕНТТЕ 12 АЙ ІШІНДЕ 654,2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар