ШҰҒЫЛ! ЖАНЖАЛ КЕЗІНДЕ ЖАРАҚАТ АЛДЫ Толығырақ

КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМДЕРДЕГІ ӨЗГЕРІС

13:49, 11 ақпан 2020

Облысымызда жыл басында кейбір аймақтарда жылу құны айтарлықтай арзандаған. Мәселен, «Арыс жылу» мекемесі жылудың әр текшеметріне төленетін бағаны 21 теңгеге төмендетсе, Отырар ауданында жылыту құны 4 теңгеге арзандапты. Сондай-ақ, тіршілік нәріне қатысты бағада биыл 1-2 пайызға төмендеген. Ал, көгілдір отынға қатысты баға биыл өзгеріссіз қалдырылған. Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу комитетінің өңірдегі өкілдері мәлімдеп отыр.

Биылға дейін Түркістан қаласының тұрғындары тұтынған таза ауызсудың әр текше метіріне 58 теңге 35 тиыннан төлеп келген болса бүгінде ол баға 57 теңге 22 тиынға төмендеген. Ал, Кентау халқын тіршілік нәрімен қамтамасыз ететін мекеме бағаны 2 теңгеге арзандатқан. Бірақ, жарық бағасының биыл қымбаттағаны байқалады. Мәселен бұған дейін қарапайым тұрғындар тұтынған қуаттың әр килловатына 14 теңге 65 тиын төлеп келсе биыл оның құны 15 теңге 52 тиынға қыбаттаған. Ал, заңды тұлғалар үшін 25 теңгеден 27 теңгеге бірақ шарықтапты.

 Қымбат Бейсенов - Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы

Өздеріңіз білесіздер энергетика министрінің 2019 жылғы бұйрығына сәйкес 1 қарашадан бастап энергия өндіруші ұйымдардың тарифтері орташа есеппен. 16 пайызға өскен болатын.

Негізінде коммуналдық төлемдердің бағасына байланысты өткен жылы 12 рет қоғамдық тыңдау өткен. Оған шамамен 1500-дей азамат қатысыпты. Департамент өкілінің айтуынша негізінен тұрғындар тарапынан көгілдір отынған байланысты арыз-шағым көп түседі. Тек департементтің өзіне күніне кем деген 2-3 тұрғын газға қатысты шағым түсіреді екен. Олардың біразы қызмет сапасына шағымданса, біразы артық ақы талап ететінін айтады.

Қымбат Бейсенов - Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы

Түркістан облысы бойынша сұрақтар көп түседі. Ол Түркістан облысында отырғанан кейін ол тікелей бізге келіп түседі. Ол тарифқа қатысты болса біз оны Шымкентке бағыттаймыз. Ол бойынша шымкент қарайды. Түркістан облысы департаменті ол жерде ешқандай шара қолдана алмайды.

Көгілдір отынға қатысты ешқандайда шара қолдана алмаса да департамент өткен жылы өңірдегі монополис мекеимелерге 30 тексеру ұйымдастырып 65 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтапты. Сөйтіп 26 іс сотқа жолданған. Нәтижесінде кемшілікке жол берген мекемелерге 36 млн теңге көлемінде айыппұл салыныпты.

 М. Жарылқасын                                 

 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН 12 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛАДЫ
21:59, 25 қыркүйек 2020
ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН 12 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛАДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕ  ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛАДЫ
21:56, 25 қыркүйек 2020
ШЫМКЕНТТЕ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛАД...
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН СОҢҒЫ НАУҚАС АУРУХАНАДАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ
18:47, 25 қыркүйек 2020
КОРОНАВИРУС ДЕРТІНЕ ШАЛДЫҚҚАН СОҢҒЫ НАУҚАС АУРУХАНАДАН ЖАЗЫЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПАЙЫЗСЫЗ  ПӘТЕРГЕ  ҚОЛ  ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
10:45, 23 қыркүйек 2020
ПАЙЫЗСЫЗ ПӘТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
Толығырақ...
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:56, 21 қыркүйек 2020
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Л.К.Рамазанованың қатысуымен отбасы және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жедел онлайн-кеңес өтті
17:06, 25 қыркүйек 2020
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-дем...
Толығырақ...