ШҰҒЫЛ! ПОЛИЦЕЙЛЕР ОТБАСЫНА ОРАЛДЫ Толығырақ

КОНДИТЕРЛІК ӨНІМ ШЫҒАРАТЫН ФАБРИКА БІР ЖЫЛДА 3,5 МЫҢ ТОННА МАРМЕЛАД ӨНДІРЕТІН БОЛАДЫ

15:57, 21 мамыр 2020

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жақында мармелад өндірісінің жаңа желісін іске қосқан «Рахат-Шымкент» кондитерлік фабрикасының жұмысымен танысты. Онда Мұрат Дүйсенбекұлы кәсіпорын жұмысшыларымен кездесіп, фабриканың қала өнеркәсібін дамытуда айрықша үлесі бар екенін атап өтті.

Жаңа желінің ашылуы өткен жылдың сәуір айында қол қойылған Шымкент қаласы әкімдігі мен «Рахат-Шымкент» ЖШС арасындағы серіктестік меморандумы нәтижесінде іске асырылған.
Бұл жоба барысында Қазақстандағы үшінші мегаполистің өндірістік әлеуетіне 1,8 миллиард теңге инвестиция тартылған. Сонымен қоса, жоба мемлекет тарапынан қолдау тауып, 90 миллион теңге субсидия төленген. Жаңа желінің ашылуының арқасында 80 азамат жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бұл фабрика бір сағат ішінде 1 тонна, бір жылда 3,5 мың тонна мармелад шығаратын болады.
Фабрика заманауи құралдармен жабдықталған. Бүгінде 30 аталым бойынша 6 өнімнің түрі өндіріледі. 2019 жылғы көрсеткіш бойынша фабрикада 20 мың тонна өнім шығарылған.

 

Тақырып бойынша материалдар

10 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК ӨМІРГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
19:50, 3 маусым 2020
10 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК ӨМІРГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Толығырақ...
АБАЙ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАРЫҚ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ
19:42, 3 маусым 2020
АБАЙ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАРЫҚ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕДАГОГ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ
13:20, 1 маусым 2020
ПЕДАГОГ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ
Толығырақ...
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...