ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҮЙЛІ БОЛДЫ

12:15, 1 қазан 2019

Ел үлесі – пәтерге». Мақтаралда көпбалалы Медетбаевтар отбасы көп тілеуімен үйлі болды. Бұл - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен қолға алынған игі жоба. «Зекет» корпоративтік қайырымдылық қоры осымен баспанаға зәру 138 – ші жанұяға қуаныш сыйлап отыр.

Қайырымды жандардың қамқорлығының арқасында Мырзакент кенті, Жамбыл көшесіндегі №74 үйдің кілті өз иесіне салтанатты түрде табыс етілді. Көп тілеуі көл деген. Қоныс тойға келген қонақтар көпбалалы отбасының қуанышына ортақтасып, ізгі тілектерін жаудырды. Ақ батасын берді.

Мына арттарыңнан ерген балаларды осы қазақ елінің азаматы қылып осы елге қызмет қылатындай азамат болып өссін, соның қызығын көріңде.

Бауыржан Паташев - Мақтаарал ауданының бас имамы

Бұл кісіге осы шараға себепкер болған Мырзахметов Марат ағамыз. Бұл кісіге Алла разы болсын. Пайғамбарымыз Аллейхуссалам айтады исламның бес дерегі бар. Соның біріншісі зекет беру дейді. Ол зекет беру дүниесі жеткен әрбір мен мұсылманмын деген азаматқа парыз болып есептеледі. Мына осындай төмен отбасыларға өзінің зекетін шығарып солардың қуанышына ортақ болатын болсақ инша алла мұның сізге Жәннат болады.

Отанасы Күнсұлудың аяғы ауыр. Бұйыртса, сегізінші сәбиін өмірге әкеледі. Өз үйім болса, деген талай жылдық арманы жүзеге асып, қуанышы көкке жетті. Бұған дейін пәтер жалдап күнелтіп келген жандарға қайырымдылықтан түскен 1 млн. 700 мың теңгеге 4 бөлмелі үй бұйырды.

Бақберген Медетбаев – отағасы

Қуаныштымыз, өзіміздің енді үй бар. Балашаға баспаналы болып қуанып жүр балашағам Ана кісілерге ағаларымызға көптен – көп рахмет. Жеті балашағам бар. Осыларға рахмет көптен –көп рахмет. Өзім разный рабошшыймын ғой.

«Зекет» қайырымдылық қоры бұған дейін де мақтаралдық бір отбасыны дәл осылай қуантып еді. Қайырымдылық – адами құндылық. Сауапты іске бастамашы болғандар алдағы уақытта да  баспанаға мұқтаж жандардың үйлі болуына көмектесе бермек.

Г. Қалмырзақызы             

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...