ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА КӨМЕК КЕРЕК...

12:41, 13 мамыр 2019

Қасиетті Рамамазан айында Кентау қаласындағы бір отбасы мүшелері де көптен көмек күтеді. Ол Хантағы ауылында тұратын Мырзахметовтер жанұясы. Көпбалалы отбасы баспанаға зәру. Өйткені, бүтін бір жанұяның жан бағып отырған үйі кезінде құлап қалған.

Қазына, Самал, Нұрислам, Нұрасыл, Айгерім.  Бұл балалардың бәрі мектепке барады. Сабақтан келген соң, үйдегі анасына көмектесіп, бірі отын жарса, екіншісі үй жинауға көмектеседі. Ал, мына тұрып жатқан үй өзгеніңкі.

Гүлжәмила Ахатаева – көпбалалы ана

Бірде аш отырамыз, бірде тоқ отырамыз. Үйім жоқ. Маған үй болса болды. Үйім құлап қалды. Маған бір дом болса болды.  376-шы  кезекте тұрмын. Әлі белгісіз қашан алатыным. Сол бала-шаға деп өмір сүрудеміз. Ертең мына үйден қуып жіберсе қайда барамын? Баратын жерім жоқ. Әкімге де айтқанмын үй әперіңіздер деп....

Мадина Әсембек – тілші

Мырзахметовтар отбасында 7 баламен қосқада  10 адам өмір сүреді. 7 баланың 5-еуі мектепке барады. Қалған екі кішкентайлары Әбілмансұр мен Нұрмұхаммед  анасының қарауында қалады. Ал, үйдің отағасы бала-шаға асырау мақсатында дала кезуге мәжбүр. Жәмиләнің айтуынша 2014 жылдан бері үй кезегінде тұрады. Міне содан бері 5 жыл өтті, әлі де баспанаға қол жеткізе алмай келеді.

 Гүлжәмила Ахатаева – көпбалалы ана

Бірақ өзіңнің үйің болмаса қиын екен бұл өмірде. Өмірде сүргім келмей кетеді кейде. Енем жақында қайтыс болды. Осы күйіктен деп ойлаймын. Өйткені, балалардың бәрін уайымдап өтті. Аш болып калса, балалар «қарным ашты» деп жылайды. 00:44 Жұмыс істейін десем, мына бала-шағаға қарайтын адам керек.Екі қолым байлаулы.  Жұмыс істей алмаймын. Бір күйеуімнің айлығы аз 30 мың теңге. Ол жетпейді, білесіздер. Балалардың ақшасы 15 мың. Ол неге жетеді. Дәптер алам ба? Киім кешек аламын ба? Жетпейді де ғой ол..

Негізінде Кентау  қаласында 3000 мыңнан аса отбасы бар. Оның 1400-і көп балалы жанұяға жатады. Әзірге сол 1400-дің барлығын басында баспанасы жоқ, талайдан бері үй кезегін күтіп жүр. Бүгінде Кентау қаласында 2000-нан астам кәсіпкер болса, әзірге оның  15-і ғана осындай отбасыларға көмек көрсеткен.

Сағынбек Асылбеков - Нұр Отан партиясы Кентау қалалық филиал төрағасының бірінші  орынбасары

Бұл акцияның негізгі мақсаты  осы елдегі аз қамтамасыз етілген, тұрмысы төмен отбасыларға партия тарапынан демеушілерді табу арқылы оларға қолдау көрсету. Қолдау көрсете отырып, жер-жердегі кәсіпкерлерге үлкен ой салу. Себебі әрбір жағдайы жақсы азамат, жағдайы төмен отбасыларға көмектесуі қажет.

Намыс туын ешқашан құлатпаған, мұқтаждарға  қол жайғызып садақа сұратпаған елміз. Ендеше сол дәстүрді сақтап тұрмысы төмен отбасыға қолдау көрсетемін деген жаны жомарт жандар экранда көрсетілген байланыс номерлеріне хабарласса болады.

М.ӘСЕМБЕК                                      

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...